Мектебіміздің оқушылары "Жас Ұлан- көш бастаушы" атты қалалық "Жас Ұлан" мектебіне қатысты
11-13 қараша аралығында оқушылар шығармашылық сарайында өткен «Жас Ұлан- көш бастаушы» атты қалалық «Жас Ұлан» мектебіне мектебімізден 2 оқушы: Рүстемова Малика, Алпамыш Көркем қатысып, Рүстемова Малика сертификатқа ие болды.


Өскемен қаласы "Жас Ұлан" ұйымы мен "Оқушылар шығармашылық сарайы" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер аралығында 3 күндікті өткізген болатын. Осы үш күннің ішінде көптеген тақырыптар, мағлұматтар мен деректер жиналды. "Zoom" платформасы арқылы өткен конференциялар өте қызықты әрі деректі болды. Жалпы, мен, осы уақыт аралығында креатив, ойдың дамуы, Жас Ұлан ұйымының бағыттары мен түрлі тақырыптарды ойыма түйдім.
Адам баласы күнделікті өмірде көптеген дүниелерді біледі, көреді, зерттейді. Осындай шаралар әр жастағы жас өскіннің ойына түрлі идеяларды салады, баланың моральді ойын дамытады. Алғашқы басталған күні жалпы "Креатив" туралы мағлұматтар жинаған болатынмын. Біздің мына санамыз ,ойымыз, жүйке талшықтары қандай қызмет атқарады, нені білдіреді? деген сауалдарға мен көптеген жауап таба алдым. Екінші күні тарихи деректерге сүйенген жерлердің су астындағы тіршілігімен таныстық. Қалай? Яғни әр әлемнің жеріндегі тарихи ғимараттардың, су астынан табылуы. Дегенмен де тарих аты- тарих. Оны білу, зерттеу және пайымдау өте қызықты. Онымен қоса, мен сол тұнықта жатқан тарихи жердің тарихын біле алдым.Үшінші күні балаларды қызықтыру барысында, квест ойыны өтті. Сол квесттің барысында мен саяхат жасап, тіпті балалық шақтың бір ыстығын жадыма сіңірдім. Ал қорытынды күні біз "Жас Ұлан" ұйымымен, оның бағыттарымен таныса алдық және оның мақсат, міндеттерін қарастырдық. Осы үш күн мен үшін есте қалатындай қызыққа толы болды.
Рустемова Малика
«Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі», 9 «г» сынып оқушысы.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі