13
декабрь
2019
Республикалық «Жас Ұлан», «Жас қыран» біріңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылдау
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тақырыпта мектебіміздің бірінші қабатындағы қабырғаларына сурет бейнелері ілінді.



Егемен еліміздің 16желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап арнайы лездеме өткізілді.Мектеп ошағында ұйымдастырылған ашық лездемеге 1405 оқушы тартылды.
Мектебіміздің ашық салтанатты жиынымызды, мемлекетіміздің ән ұранымен ашып,оқушыларға тәуелсідікке жету тарихы баяндалды.Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілгені туралы мәліметтер бейнекөрініс арқылы ашып ой-толғаныс жасалды. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосылуы айтылды. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалғаны туралы баяндалды.

Сонымен қатар мектебіміздің жас ұрпақтарымыздың 1-7 сынып оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан», «Жас қыран» біріңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылдап, өскелен ұрпақты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен мектеп директоры құттықтады.. Барша бастама-талпыныстары жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденуіне үлес қосуы айтылды.
Жоспар бойынша 12.12.2019 күні сағат 12-00 де Акт залында мектебіміздің 64 ата-аналар комитеттері,мұғалімдері және мектеп оқушыларын ыңтымақтастыққа тартып, арнайы өлен жолдарымен өнерлі оқушыларымыздың шығармашылық кеші ұйымдастырылды.Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне 28 жыл толуына байланысты ата-аналарды білім ошағына тартып,ата-аналарға арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты ашық іс-шара өткізілді.



Сонымен қатар мектепшілік жоспар бойынша спорттық іс-шаралар өткізіліп,6-8 сынып оқушыларының аралығында мұз айдынында «Хоккей» ойындары ұйымдастырылып,жүргізілді.
