«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ 15 Сәуір Мектеп күнінің өтілуі жайында ақпарат
Мерекеміздің II бөлімі Мектеп күніне арналған саланатты лездемеден тұрды. Жиында мемлекеттік Гимнмен бастап, мектеп туы әкелінді. Құттықтау кіріспе сөз мектеп директоры Е.Т. Акитбаевқа берілді. Лицей шаңырағында бәрімізге белгілі жыл сайын «Ең үздік сынып жетекші», «Ең үлгілі сынып», «Ең үлгілі күнделік» , «Ең белсенді ата-ана», «Ең үлгілі оқушы», «Ең білімді оқушы» атты сайыстар жүргізіліп келе жатыр. Бір жыл сынға түскен бірнеше сыныптардың арасындағы бұл сайыс өз мәресіне жетті. Биылғы 2016-2017 оқу жылында бәйгеге түскен оқушыларымыздың саны артты. Сонымен қатар биылғы жылы мектебіміздің іс-шараларына ата-аналарымыз да белсене қатысып, өз балаларына ұмытылмас қуаныш сыйлай білді. Енді осы бәйгені қорытындылап және жыл көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды марапатау рәсімі мектеп директоры Акитбаев Есім Тұрысбекұлына берілді. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын марапаттау оқу ісінің меңгерушісі Адикова Гульжан Аңсағанқызына берілді. Шоқантану апталығында өткен әр сынып спорт бойынша Шоқан атындағы жылжымалы кубок сайысына қатысып, 8-сынып жеңіп алды. Білім деңгейлерінің тереңдігімен, шығармашылық қабілеттерінің жетістіктерімен ерекшеленген оқушылар есімін Құрмет кітабына жазу мектебіміздің дәстүріне енген. Мектебіміздің алтын белгіге, қызыл аттестатқа үміткер түлектеріміз бен халықаралақ және республикалық білім гранттарын жеңіп алған түлектерімізді ортаға шақырып, өз есімдерін жазып, қолтаңба қалтырды. Мерекенің III бөлімі Интеллектуалды және тәрбие сағаттарына арналды. Мектеп күні жүйелі түрде өте жоғары дәрежеде өтілді.
Орындаған: т.і.м. А.Б. Бақтыбаева