28
февраль
2019
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ жанындағы шағын орталықта 18.02.2019-22.02.2019 күндері аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында апталық өткізілді. Тәрбиешілер мен мамандар апталық жоспары бойынша ашық оқу қызметін ұйымдастырумен қатар түрлі іс-шараларды өткізу арқылы өзара іс-тәжірибе алмаса отырып, кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсетті және жетілдірді.