06
ноябрь
2025
«Суицид қаупінің алдын алудағы ата-аналардың рөлі» атты ата-аналар жиналысы
Мектебімізде ата-аналарға арналған «Суицид қаупінің алдын алудағы ата-аналардың рөлі» тақырыбында жиналыстар өткізілді.Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, ата-аналардың бала психологиясына әсері мен жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында педагог-психолог ата-аналарға баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың, эмоционалды қолдау көрсетудің және баланың ішкі күйін бақылаудың маңыздылығын түсіндірді.
Ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және пайдалы кеңестер алды.
🤝 Ортақ мақсат – балаларымыздың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету!