Қарттар күніне арналған іс-шаралар есебі. » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Коммунальное государственное учреждение
Школа-лицей №3 имени Шокана Уалиханова
"отдела образования по городу Усть-Каменогорску"
управления образования ВКО
Приемная
+7 (7232) 25-36-18
Бухгалтерия
+7 (7232) 25-36-18
Версия для
слабовидящих
» » Қарттар күніне арналған іс-шаралар есебі.
03
октябрь
2019

Қарттар күніне арналған іс-шаралар есебі.

Араларыңызда бүгінгі күнге дейін ел игі­лігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүргендер аз емес. Бүгінгі таңда республикамыздың әрбір оныншы тұрғыны – еңбекке қабілетті жас­тан асқан адамдар.

 Елімізде 2 миллионнан астам адам егде жастағылар болса, олардың қатарында зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар бар.
 
 
Бүгін біз қарттарымызға құрмет көр­сетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Ардагерлерімізді ардақтап, олар­ды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау, Мемлекет басшысының сөзі­мен айтқанда, «Біз бен сіздің парасатты парызымыз әрі қастерлі міндетіміз»!



 
 Мемлекетіміз егде тартқан азамат­тарымызға деген әлеуметтік қолдау дең­гейін кезең-кезеңімен арттырып отыруды, тіпті экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Осының айқын айға­ғындай әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қолдау бағы­тын­дағы мем­лекеттік шығыстардың көлемі жылдан жылға көбейіп келеді.
 
 Барлық қазақстандықтарды, жұмыс беру­шілер­ді, бизнес құрылым өкілдерін, әлеу­мет­­тік қызметкерлерді, жүрегі жомарт ізгі ниет­ті барлық адамдарды аға буын ұрпақ­тың ел игілігіне қосқан еселі еңбе­гін ұмыт­пау­ға, мемлекетіміздің арда­герлерімізге деген қамқорлығы мен қолдауына атсалысуға шақы­ра­мын. Жалғызілікті және сіз бен біздің қолдауымыз­ға мұқтаж жандардан жүрек жылуын аямайық.
 
 Ақ шашты ардагерлеріміз бүгінгідей мерекеде ғана емес, әрдайым біздің наза­ры­мызда болсын, сіздердің оларға көрсет­кен ізгі ние­тіңіз өз балаларыңыз бен неме­релеріңізден қайта­тыны ақиқат.
 
 Қымбатты, аға ұрпақ ардагерлеріміз, сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжі­рибелеріңіздің, дарқан даналықтарыңыздың алдында басымызды иеміз.
 
 Сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсау­лық, берекелі ұзақ ғұмыр тілеймін, айнала­ңыз­дағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!
 
 201
9 жылдың қазан айында «отдела образования по городу Усть-Каменогорску» КММ оқушылары мен ұстаздары «Қарттар күніне» орай, өмірімізді көркейткената-әжелеріміздің үйлеріне барып,«Қарттар күнімен» құттықтап,оқушылардың қолдан жасаған қолөнерлерін сыйлап, көмек көрсетіп, ақ баталарын алды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив