«Қайырымдылық – қадірлі іс»
2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясын жоғары деңгейде өткізу мақсатында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Жанар Нұрланқызы Жұмабекованың ұйымдастыруымен Өскемен қаласының «отдела образования по городу Усть-Каменогорску» КММ-сі мектеп ішілік бұйрық шығарып, «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық жасау, 5-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру.
Бұл «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына мектеп оқушылары, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Акция барысында сыныптарда «Қайырымдылық – қадірлі іс» тақырыбында тәрбие сағаттары, қайырымдылық шаралары өткізілді.
Жалпы оқу қорынан әлеуметтік көмекке мұқтаж азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 99 оқушы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Бюджеттен тыс 2 оқушыға 20 мың теңге көлемінде киім-кешек берілді.
Сондай - ақ, 5-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту айлығы бойынша мектептің айналасындағы шағын аудан көшелеріне жауапты мұғалімдер бекітіліп, көшені аралау кезіндегі қойылатын талаптармен таныстырылды. Үйлерді аралау кезінде мектепке қамтылмай қалған балалар жоқ деп анықталды.
Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Сондықтан да «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, біз - мектеп ұжымы балалар үйімен де барынша байланыс жасауды ұйғардық. Өскемен қаласының Энтузиаст улица, 39 мекен-жайында орналасқан «Үміт» балалар үйіне барып, мектебіміздің атынан әкелген сарқыт-сәлемдемеміз жеміс-жидектер мен тәттілерді ұсынып, оқу жабдықтары мен қысқы киім-кешектер мен аяқкиімдер табыс еттік.
Қамкөңіл ұл-қыздардың көңіліне медеу болар жылы сөздерімізді аямай, ақ тілектерімізді тілеп, олардың да ой-пікірлерін тыңдап қайттық.
Жалпы «Үміт» балалар үйінде 200-ден аса ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады екен. Өз кезегінде олар да мектепке жылы лебіздерін білдіріп, алдағы келе жатқан «Масленица» мейрамын тойлауға шақырды.
Бала – біздің ең жақсы қасиетіміз, бала - біздің жалғасымыз, біздің болашағымыз, өміріміздің мән-мағынасы. Өкінішке орай, өмір әрқашан әділетті бола бермейді. Бәлкім, қайғылы оқиғалар немесе басқа себептер бойынша – бұл балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалады. Түсінеміз, мемлекет мұндай балаларға қамқорлық жасайды. Алайда, біздің акцияның мағынасы материалдық қолдау емес, жай ғана біздің кішкентай достарымызға жақсы іс жасауға және олардың жалғыз емес екендерін көз жеткіздіру.
«Кең болсаң – кем болмайсың».
thumb]http://3-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2019-03/1551624472_20190208_113145.jpg[/thumb]