16
январь
2019
Мектеп асханасы
ҚББ 2018ж 5-қаңтардағы №07-П бұйрығына сәйкес, мектептегі Попечительский совет пен комиссия мүшелері ұйғарымымен тегін тамақтануға құқығы бар, яғни аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақтандырылады. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері тегін тамаққа жататын оқушыларға бал ұсынылады. Тағамдар тегін тамақ талондары бойынша кезексіз беріледі.
Асханаға кіре берісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орындар бар.
Бракеражды комиссия мүшелері асхана жұмысына, тамақтандыру сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізеді.