Менің әсерім... » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Коммунальное государственное учреждение
Школа-лицей №3 имени Шокана Уалиханова
"отдела образования по городу Усть-Каменогорску"
управления образования ВКО
Приемная
+7 (7232) 25-36-18
Бухгалтерия
+7 (7232) 25-36-18
Версия для
слабовидящих
18
февраль
2020

Менің әсерім...

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Шоқан  Уәлиханов атындағы №3 мектеп лицей»КММ

11 «а» сынып оқушысы Аймұрат Зерек


Қалдырған ізін мәңгілік...

Абайдың  қара сөздері адамзат баласы үшін өте қажет нәрселерден құралған, жақсылықтыда жамандықтыда,  адалдық пен екіжүзділіктіде,  өтірік пен шындықтыда , күнделікті өмірде кездесетін қарапайым, қарапайым болсада адам өмірінде үлкен орын алатын, үдерісті анықта, ашықта көрсетеді. Қарап отырсаңыз Абайдың қара сөздері кезіндегі Конфуцийдің нақыл сөздерінен кем түспейді. Ден қойып оқыған адамға үлкен қазына-байлық. Біз осы қара сөздерді жастарға таратып, ұғындыруға тырысамыз, алайда бұндай шаралардың дұрыс жасалып жатқаны жоқ. Менің ойымша мұндай құнды сөздерді ұқпайтын адамға түсіндіріп керегі жоқ. Санасы бар адамға болу бұл қазіргі заманда жол бастар үлкен жарық сәуле. Өз басым әрбір қара сөзден өзімнің бойымдағы бір жақсы бір жаман қасиет байқаймын. Абайдың қара сөздері былайша айтқанда ол -  айна. Ол жерден сен өзіңді көресің. Қара сөздерінің мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр. Абайдың публицистік болмысына тоқталып, оның шығармаларының публицистік сипатын көрсеткен ауыз тұщытатын еңбек дүниеге келген жоқ десек, шындықтан аулақ кетпейтініміз анық. Тіпті Абайдың-публицистігі жайлы әңгіме қозғаған кездің өзінде оның мұрасы тар ауқымда зерттеліп, ой-пікірлер тек қарасөздер жайлы айтылды. Ал ,біз публицистік сарынды Абайдың.. бүкіл шығармасынан қарастырып, мәселен кең көлемде зерделеген жөндеп есептеймін. Абай өзінің жиырма бірінші сөзін адам пенделерінің бойында кездесетін «Мақтан» сезіміне арнапты.Мақтан сезімін екі түрге бөліп, бірін үлкендік мақтаныш десе, екіншісін мақтаншақтық деп атайды. Сонда Абайша үлкендік деген не?Үлкендік – адам ішінен өзін өзі бағалы есеп қылмақ. Біздер Абай ойлағандай үлкендік дәрежеге жету үшін ауық-ауық өзімізге өзіміз есеп беріп отыруымыз керек екен. Істеген істерімізге, сөйлеген сөздерімізге баға беріп отыруымыз керек екен. Абай бұл ойды тағы бір сөзінде келтірген болатын. Бұндай адамдардың мақсаты өзіне жаман атақ тағылмауын қамтамасыз ету.Яғни, надан атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек…

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де бізбен-халқымен бірге мәңгі жасай берері атар таңдай ақиқат.



Өскемен қаласы әкімдігінің 

«Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей»КММ

11 «б»-сынып оқушысы 

Советханов Тимур


Абай – ұлы тұлға

Шығыстың ұлы ойшылы əл-Фараби, Иранның ғұламасы Фирдоуси, Қытай кемеңгері Конфуций болса, қазақтың өлең-сөзінің патшасы, бас ақыны – Абай Құнанбаев. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мəңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, ел жадында мəңгі сақтаулы.

«Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге», - деп басталатын өлең əрбір мектеп оқушысының айбынды ұранына айналған. «Бұл күнде Абай сөзі əр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тəн қорегі ретінде жас сəбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді» - деп Ж.Ысмағұлов сөз зергері Абай жайында тамаша философиялық пікірін білдірген.

Абайдың бай-шонжарларды, ояз, болыс жəне бастықсымақтарды сынау мақсатында жазған шығармалары қылыштың жүзіндей өткір, қара темірдей қатты əрі жыланның уындай ащы. «Болыс болдым мінеки» өлеңіндегі:

«...Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап.

Сыяз бар десе жүрегім,

Орнықпайды суылдап...» – деген жолдарынан-ақ біраз астарлы ақиқатты аңғаруға болады.

Осы бір сəтті пайдаланып, М.Əуезовтің төрткіл дүниеге танымал «Абай жолы» роман-эпопеясы жайында сөз қозғағым келеді. 8-9 сыныптарда оқыған бұл роман, мен үшін Даналық кітабы, тағылымға апарар жол, ізгілік кілті іспеттес. Мұхтар атаның қандай тылсым қасиетке ие екендігін білмедім, бірақ, бала Абайдың дара Абайға айналу жолын, оқу барысында кейіпкермен бірге қуану, күйініш, ашу- ызаға булығу немесе солқылдап жылу сынды түрлі көңіл- күйді кеше отырып байқадым. Мен «Абай жолын» менің дара жолымның айшықты бастауы деп білемін.

Ойымды қорытындылай келе, сөзімді М.Жұмабаевтың:

«Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Əлемнің құлағынан əні кетпес!» – деген əдемі өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Өскемен қаласы әкімдігінің 

«Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей»КММ

11 «в»-сынып оқушысы 

Трашпаева Камила


Абай өлеңдерінен алған әсерім

Абай өлеңдерінің бір ерекшелігі оның бар туындыларының қызығы – махаббат екенінде. Бұл сезімнің құдіреттілігін сезінген ақын: 


Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар...

Жүрегі жұмсақ білген құл,

Шын дос таппай тыншылмас,- деп жырлайды. Әр адамның жүрегінде махаббат сезімі болса, оның маңында мейірім де, әдемілік те, кешірім де, әділеттілік те болатынын түсіну қиындық туғызбайды. Егер ақында ерікпен дүниені өзгерте алар құдірет болса, ол барлық адамды дос, бауыр етіп, бүкіл өмірді сүю мен махаббатқа айналдырар еді.


         Абай поэзиясына көкірек дүрбісімен қарап, бар зейінімізбен бұрылсақ, дүниенің сырына жаңадан қаныққандай кдомкешеміз. 

Өзгеге,көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?!

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың,- деп үнін естігенде жаныңды қояр жер таппайсың.

         

Мен мәңгілік деп- ақынның сөзін айтар едім. Ақындар әулиесі – Абай. Абайдың данышпандылығы сол – ол шығармаларының өн бойына түп қазық етіп, адам тәрбиесін алғаны. Ол ұлтының әр перзентін ақыл мен сезімді ізгі жүрекке билете білген қасиетті адам болғанын жан - жүрегімен қалады, сөз патшасы – өлеңін қалдырды. 

Абайым , сыйым,пірімсің!

Айтылмас жанның сырысың,

Бітпейтін дастан жырысың,

Қаншама ғасыр өтсе де ,

Абайым, мәңгі тірісің,- деп ақын Ш.Құсайынұлы жырлағандай Абай мұрасы қазақ халқы ғана емес, жер бетіндегі адамгершілік пен мейірім бар болғанда мәңгі тірі болмақ. Себебі, әлемді қорғап тұрған сұлулық – жүрек жылуы, бұл жылу – Абай өлеңдерінің мәйегі.


 
 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив