«Абай тағлымы – Тәрбие негізі»
Уақыты | 06.02.2020ж. | |
Сыныбы | 10 «А» сынып | |
Тәрбие сабағының тақырыбы | «Абай тағлымы – Тәрбие негізі» (Абайдың 175 жылдығына орай) | |
Мақсаты | Сынып оқушыларының Абай мұрасына қатысты білімдерін жүйелей отырып, Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай,оның артынан қалған бай мұрасының адам бойындағы қасиеттерді саралуға мүмкіндік беретін тәрбиелік мағынасын, бүгінгі таңдағы маңыздылығын атап көрсету арқылы өз ойларын анық, жүйелі түрде жеткізуге дағдыландыру. Абай мұрасы арқылы өзінің ұлтын құрметтеуге, жақындарына қамқор болуға, жаман қасиеттерден аулақ, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу. | |
Негізгі идеялар | Мұғалім тек бағыт – бағдар беруші. Оқушы өз келешегін жоспарлайды, өз ойымен бөліседі. Тақырыпты аша отырып, топта жұмыс жасайды және топтық жұмыс барысында бірін – бірі толықтырады, пікір алмасады, салыстырады, өз деңгейлеріне сай ой қорытады, сараптайды, қорытынды жасайды, Ұжымға ортақ нәтижені таныстырады. | |
Мероприятие мен Тапсырмалар: | Сынып ұжымын топтарға бөлу «Ассоциация қалыптастыру» «Рөлдік ойын» «Конверттегі сұрақ» | |
1. Реалистер; 2. Оптимистер; 3. Сарапшылар (Аналитиктер); топ атаулары 4. Эксперттер. | ||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
І. Қызығушылықты ояту | ||
«Ассоциация қалыптастыру»- сынып ұжымына сауал– «Ой таразысына салсақ қазіргі таңда біз өмір сүретін ортада адами қасиеттердің қайсысын көп кездестіреміз? (тақтадағы таразыға өз ойлары жазылған қағаздарын салады) | Оқушылар қойылған сауалға байланысты өз пікірлерін айтады | |
ІІ. Мағынаны ажырату | ||
Оқушыларды топтарға топтап отырғызу. «Рөлдік ойын» - 1. «Реалистер» - Абайдың қара сөздеріндегі адам бойындағы жаман қасиеттер атап көрсетіледі. Неге? 2. «Оптимистер» - Абайдың қара сөздерінде адам бойындағы болу керек жақсы қасиеттер көрсетіледі? Неге? 3. «Сарапшылар» - Абай өлеңдеріндегі тәрие үшін маңызды тағлымдар...; 4. «Эксперттер» - Абайдың мұрасы бүгінгі таңда өзекті...Себебі? | 1 топ – Абайдың қара сөздеріндегі кез-келген адам қашық болу керек жаман қасиеттерді талдап береді; 2 топ - Абайдың қара сөздеріндегі адам бойында болу керек жақсы қасиеттері тұралы талдау жасайды; 3 топ - Абайдың өлеңдерінің тәрбие үшін маңызды жақтарын атап көрсетеді; 4 топ –Абай мұрасын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, қазіргі таңда өзекті боуының мәнін ашады. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы ұжым мүшелерімен толықтай талдап, ұжымға таныстырады. | |
Топтарға берілген тапсырмаларды таныстыру барысында оқушыларға бірін-бірі толықтыруға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, сынып жетекші ретінде тек бағыт-бағдар беру. | ||
ІІІ. Ой толғау | ||
1. «Конверттегі сұрақтар» (әр топқа жеке тапсырмалар жазылған конверттер үлестіру): 1. Абайдың оқу-білімге қатысты ойы айтылатын қара сөзінен мысал келтіріңіздер; 2. Абайдың жыл мезгіліне арналған өлеңдерінен үзінді келтіріңіздер; 3. Абайдың әдемі әнін топтарыңмен орындап беріңіздер! 4. Абайдың адам баласының дұрыс білім алып, дұрыс өмір сүруіне қажетті қасиеттерін айшықтайтын өлең жолынан үзінді келтіріңіздер! | Топ мүшелері өздеріне түскен тапсырмаларды бірлесе отырып орындап, жауаптарын береді. | |
Үйге тапсырма | Абайдың мұраларын танып білуды жалғастыру. | |
Шығу парағы: | Сабақ туралы пікірлерімен бөлісу Шығу парағы Аты – жөні: __________________________________________________ Тәрбие сабағының сіз үшін маңызы неде болды? : _________________ Не сәтті болды?_______________________________________________ Не сәтсіз болды? ______________________________________________ Сынып жетекшіге айтар ойыңыз: _______________________________ | |
Мұғалімнің жазбалары | Жаңа сабақ, Кембридждық оқыту мазмұнынына негізделген СТО жобасының әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс | |
Мұғалімнің ескертпелері (болған жағдайда) |