05
февраль
2020
«Абай әлеміне саяхат». 11 б сынып
5.02.2020 Елбасымыздың «Руханижаңғыру» бағдарламасыаясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Өскемен қаласы әкімдігінің «ШоқанУәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің» тарих пәнінің мұғалімі және 11 «Б» сыныбының жетекшісі А.М. Мұхамадиянованың тәрбие сабағы өтті.
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Абай әлеміне саяхат».
Сабақтың мақсаты:Сынып оқушыларының Абай мұрасына қатысты білімдерін жүйелей отырып, Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай, оның артынан қалған бай мұрасының адам бойындағы қасиеттерді саралуға мүмкіндік беретін тәрбиелік мағынасын, бүгінгі таңдағы маңыздылығын атап көрсету арқылы өз ойларын анық, жүйелі түрде жеткізуге дағдыландыру. Абай мұрасы арқылы өзінің ұлтын құрметтеуге, жақындарына қамқор болуға, жаман қасиеттерден аулақ, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Абай бабамыздың «Жастықтың оты қайдасың?», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңдерінің тәрбие үшін маңызды жақтарын атап көрсетті, Абайдың 17, 32 қара сөздеріндегі адам бойында болу керек жақсы қасиеттері туралы талдау жасады. Сабақтың қортынды кезеңінде «Абайдың бес асыл ісіне» сіз не қосар едіңіз? – деген сауалға өз ойларын ортаға салып, «Көзімнің қарасы» өлеңімен аяқтады.
«Абай әлеміне саяхат».