COVID-19 пандемия вирусына байланысты карантиндегі ата-аналарды психологиялық колдау. » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7232) 25-36-18
Есепші бөлімі:
+7 (7232) 25-36-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » COVID-19 пандемия вирусына байланысты карантиндегі ата-аналарды психологиялық колдау.
19
апрель
2020

COVID-19 пандемия вирусына байланысты карантиндегі ата-аналарды психологиялық колдау.

COVID-19 пандемия вирусына байланысты карантиндегі

ата-аналарды психологиялық колдау.


Құрметті ата-аналар бәрімізге белгілі, елімізде, қаламызда болып жатқан COVID-19  коронавирус пандемиясы және әлемдік кризис жайлы ақпараттар бізге психологиялық әсер етуіне қысқаша тоқталғым келеді. Күнделікті сағат, минут сайын ақпаратты тыңдап, оқып, маңайымыздан естіп жатырмыз. Ол жақсы, мониторинг жасап, хабардар болып, түзелуге үлес қосуымыз орынды. Ал кей жағдайда, психологиялық тұрғыдан көп тыңдаудың теріс әсер ететіні бар. Әсіресе, әлсіз болып, дәрігер есебіндегі, денсаулық ақаулығы барларымыз, тіптен кей кездері денсаулығы сау адам да аулағырақ болсақ. Ол жағдай физикалық және психологиялық жағдай ғана емес, санадан бейсанаға өтіп, психикалық денсаулыққа да әсер етіп ағзада, бойымызда, ішкі жандүниемізде қорқыныш пен үрейге, мазасыздыққа әкеліп, стресс пен депрессияға енгізеді. Бұл жағдайлар отбасы мүшелерімен қақтығысқа әкелу қауіпсіздігін туындатады және бойда бар ауруларды да тез қозғайды. Мысалы: гипертонияның жоғарылау, төмендеу қаупі, жүрек аурулары, бүйрек аурулары, ішкі құрылыс, бауыр, асқазан т.б. ауру турлері.           

                          Ендеше мазасыздық, қорқыныш, үрей,  стресс, депрессияны болдырмау үшін алдын-алып, теріс әсер ететін вацап, интернеттегі жағымсыз деген ақпараттан сананы таза, алшақ ұстау керек. Төрт мезгіл ыстық тамақ, жеміс-көкөністер мен дәрумендерді орынды пайдаланып, иммунитетті түсірмей, көктемде ағза әлсірейтінін ескеріп, толық-қанды тамақтануды ұмытпау керек. Сол сияқты мазасыздық, қорқыныш, үрей, стресс пен депрессия жағдайларын  алдын-алу, не ретке келтіру, арылу  үшін төмендегі ұсыныстарға сүйенсек:

  •    - Медитациялар арқылы тыныштықта отырып, тынысымызбен ойымызды үйлестіріп, физикалық, эмоцияналдық жағдайды бір қалыпка келтіру;
  • -  Психологтармен Onlain әңгімелесу,  кенес алу; 
  • Өз-өзімізге массаж жасау;
  •  - Жүйке жүйесін жайландыратын арнайы музыкаларды тындау;
  • Көп дегенде 15минут сурет салу;
  •   - Өзімді мазалайтын ойларды жазып, жыртып санадан шығарып тастау тс.с.;

                            Осылайша өз-өзімізбен жұмыс коррекциялық жасап, мықты денсаулықпен бала тәрбиесіне, біліміне бірге мән берейік!!!   

                           Құрметті ата-аналар, осындай қиын қыстау кезеңде кез-келген қоғам ортасында, отбасында сабырлылық, табандылық танытайық. Әрқайсымыз бойымыздағы ерік-жігерімізді ақылмен ұштастырып, іс-әрекетте, қарым-қатынаста отбасы мүшелері бір-біріміздің жүрегімізге жылулық ұялатайық! Яғни жағымды сөздер арқылы әркімнің бойындағы жақсы, қасиеттері мен қаблеттерін көре отырып, комплемент айту. Жадыраңқы жүзде, баламыз «қате», «теріс» істесе де ашуға берілмей, бірге-«былай көрсек қалай болады», дегендей ортақ тіл табысуға тырысыңыз. Ата-ананың арқашан оптимистік, жағымды көзқараста, эмоционалдық жағымды көңіл-күйде болғаны дұрыс. Сіздің жақсы эмоционалдық көңіл-күйде болуыңыз, не ашулы болуыңыз айналаңызға, балаларыңызға жылдам әсер ететінін, қарым-қатынас аурасы жадырайтынын, не бұзылатынын еш ұмытпаңыз! Көңіл-күй денсаулық  кепілі!

                           Халық үшін, біздер үшін әр түрлі жақсы жағдайлар жасалуда: мысалы теледидар каналдары мен интернет желілері арқылы беріліп жатқан бағдарламаларды қарап, балаларымызбен бірге қашықтықтан оқыту платформалырында өтіп жатқан сабақты сапалы оқып, үй жұмысын орындауда шыдамдылық танытып балаларымыз бен мұғалімдерге  қамқор болайық!

                          Сенбі, жексенбі күндері ертеңгілік балаларыңызбен жаттығулар жасап, ән айтып, би билеп, кітап оқып, бірге дәмді тағамдар пісіріп, қуанышқа бөленейік. Алақанымызда тұрған «Бақытты»  аялайық, айырылмайық!

                         Сөз соңында, құрметті ата-аналар! Ең бастысы жоғары жақтан, президентіміз , министрлеріміз, ел азаматтарымыз берген нұсқаулықтар мен заңдарды бұлжытпай орындайық! Біз дертті жеңеміз! Біз әрқашан біргеміз!
 
 

                «Шокан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»КММ-нің педагог-психологы: Гарифуллина Гульмира Мубаракқызы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив