«Ата- аналарға арналған 8 кеңес» Педагог-психолог: Гарифуллина Г. М. » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 25-36-18
Есепші бөлімі:
+7(72) 25-36-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата- аналарға арналған 8 кеңес» Педагог-психолог: Гарифуллина Г. М.
28
сентябрь
2018

«Ата- аналарға арналған 8 кеңес» Педагог-психолог: Гарифуллина Г. М.

«Ата- аналарға арналған 8 кеңес»   

Ата- аналар оқуы

 Педагог-психолог: Гарифуллина Г. М.

1 . Егер балаңыздың сабағы күрт нашарласа...

 Ата-ана баласының сабағы күрт нашарлап кеткендігін байқаса, ең алдымен сынып жетекшісімен кездескен жөн. Баланы жақын тартып, еркелетіп, жылы шыраймен себебін өз аузынан сұрап білгені дұрыс. Мүмкін, оған қандай да бір кедергі кері әсерін тигізіп жүрген болар. Бастапқыда оқуға қатыссыз әңгімелер айтып, психологиялық жағымды ахуал туғызу керек. Балаға «Неге?» деп тінтіп сұрақ қойған, «Саған былай жасағанымыз . ұнай ма? Осылай болғанына қалай қарайсың?» деп ақылдасқан жақсы.

 2. Балаңыздың белгілі бір пәннен үлгерімі нашарлап кетсе

Егер бір пәнде баланың үлгерімі нашар болса, әке-шешенің ұстазға келіп, баға сұрап, көтермелегені дұрыс емес. Әр тоқсан сайын осы жағдай қайталанып отырса

3 . Біз мектепке жиі бара берсеңіз...

Ата-ананың жиі мектепке барып, ұстаздармен жиі тілдесуі балаға кей жағдайда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Қазір, барлық мектептерде болмағанмен, көбінде электронды күнделік журнал порталы бар. Олар үйден-ақ баласының үлгерімін бақылай алады. 

4. Оқушы мектеп ауыстырған жағдайда... 

Балаға бірнеше мектеп ауыстырған соншалықты зиян емес. Оқушының жаңа мектепке үйренісуі,  әрине,  мінез-құлқына байланысты. Егер ол еркін, көпшіл болса, еш кедергі тумауы мүмкін. Сол үшін де кез келген ортаға еркін сіңісіп кетуі үшін, баланы жастайынан спорт пен өнер үйірмелеріне қатыстырғанның пайдасы көп.  Ол өзін жеке тұлға ретінде сезінуі қажет. Қоғамда алатын кішкене орны болса, баланың өзіне деген сенімі ұлғаяды.

5.Баланың өтірік айтатының біліп қалсаңыз...

Үйден мектепке барамын деп шығып, бағытын өзгертетін оқушылар көбейіп келеді. Түнде отбасымен қатар кешкі асын ішпей дала кезіп жүретін жас жеткіншектер де ез емес. Ендеше оларға қандай шаралар қолданғанда нәтиже болады? Қайғыға бас ұрып, туған-туысқа жария еткенше, ата-ана осы сауалға жауап іздеуі керек. Әрине, қай кезде болмасын, балаға ұрысып, не зекіп сөйлеудің пайдасы шамалы. Мұндай жағдайда, бала қорыққаннан өтірік айтады немесе ерегесіп бұрынғы әдетіне қайта басады. Иә, ата-ана қашан да кешірімді, сабырлы, шыдамды. Ол баласын ешқашан жамандыққа қимайды. Егер баласы ұры болса, ол оны жанындағы жолдастарынан үйренген деп ақтап алады. Өтірік айтып, үйде тұрақтамайтын балаларға сөйлесуге жақсы мүмкіндік туғызу керек. Мұндайда оған қылмыскер ретінде күдіктене қарамаңыз. Яғни, бала өзі рухани ашылатын сәтті күткен жөн. Баланың бұзық әрекеті туралы бөтеннен сұрастырып, оны бетіне айтатын болсаңыз, оған кері әсер етесіз. Ол сіздің өзіне сенбейтініңізге көзі жетеді. Дүрсе қоя беретін не кекететін үлкендер оқушының ішкі дүниесін бұзады, жауаптан қашуға әкеледі.

6. Балаңыз алғаш рет біреуді ұнатқан кезі...

Қазіргі кезде ұл-қыздар алғашқы махаббат сезіміне 5-6, 8-сыныптарда кезігіп жатады. Олардың алғаш рет жан дүниесінің ішкі толқыныстары мен іңкәр балалық сезімдерін тез өшіруге болмайды. Бала алғаш ғашық болғанын білген кезде, ата-ана бірден оған шектеу қойып, тілдеспеуін талап еткені дұрыс емес. Бұл мәселеде ата-анаға ақылды шешім қабылдау әлдеқайда маңыздырақ. Балалар анасына не әкесіне (көп жағдайда анасына) жақын сырлас болса, ақыл-кеңес дәметеді. Бірақ, қанша жақын болсаңыз да, бала кейде сезімінің құпия қалғанын қалап тұрады. Мұндайда ата-анаға баланың бар сырын білуге ерекше қызығушылық тудырып, қайта-қайта сұрай берген де дұрыс емес. Алғаш жауабынан-ақ баланың айтқысы келмей тұрғанын біле аламыз. Махаббат сезімі оянғанын байқасаңыз, баланың рөлі көтерілетін жұмыстар тапсырып, көрсетпей-ақ көмектесіп отырсаңыз, мерейі өсіп қалады. Оның киімі мен гигиенасына назар аударып, өзіне жарасымды заттар туралы әңгіме-дүкен құрыңыз. Ең алғаш қалай ғашық болғаныңызды айтып, әкесімен де қалай танысқаныңызды есіне түсіріңіз. Сезім жауапкерішілігі туралы да кішкене кеңес айтып қою артықтық етпейді. Баланың сырын білуге асығудың қажеті жоқ. Ол іштей қалайтын нәрсеге өзі талдау жасап үйреніп, ақылы толысады. Ойлануға, дұрыс шешім қабылдауға уақыт берген жөн. Ал балалық алғашқы (бәлкім, мәңгілік) махаббатына достарының ықпалы мен берер бағасы зор екендігін ескеру керек.

7. Баланың намысына тимеу үшін не істеу керек..

Баланы жеке мәселелерін өзі шешетіндей жауапты қылып тәрбиелеу аса маңызды. Алайда, бұл «өзім білемін» деген менмендікке айналып кетпеуі керек. Оның пікірін де тыңдап алып, қаншалықты қолдау қажеттігін сұраған дұрыс. Ата-ана мен мұғалім баланың өз қиыншылығымен жеке қалғанда, психологиялық жағдайы қандай болатынын бақылаған жөн. Оған ең керек кезде білдіртпей демеп жіберсең, бала өзі шешкендей қатты қуанады. Бірақ оның намысына тимейтінтей демеушілік болғаны жақсы. Сондай кезде ғана ол сізге деген сенімін жоғалтпайды.

8. Баланың қабілетін қалай ашасыз...

Ата-ана мен ұстаз әр баламен жеке жұмыс жасағаны маңызды. Ұстаз бәріне бірдей беретін ортақ тапсырмалар барысында кей баланың ойы мен пікірі мүлдем байқалмайды. Сол үшін де баланың жан-дүниесіне жақын келетін тақырып табу керек. Ал балалардың қабілеті ашылмай жүрген уақытта, олар өздерін көтермелеп отырмағандықтан деп түсінеді.   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93