Оқу- тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі танып, өзін –өзі дамытуына психологиялық қолдау және ата-ананың ықпалы » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы
№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 25-36-18
Есепші бөлімі:
+7(72) 25-36-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу- тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі танып, өзін –өзі дамытуына психологиялық қолдау және ата-ананың ықпалы
15
октябрь
2019

Оқу- тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі танып, өзін –өзі дамытуына психологиялық қолдау және ата-ананың ықпалы

«Шоқан Уалиханов атындағы№3 мектеп-лицейі»КММ

 Оқу- тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі танып, өзін –өзі дамытуына психологиялық қолдау және ата-ананың ықпалы.


педагог-психолог-  Гарифуллина   Гулмира Мубараковна

Жаңа заман ағымындағы жаңа типті мектеп қабырғасындағы әр оқушыны  қабілетіне, бейімділігіне қарай, үш тілді меңгере отырып, жан-жақты жаңа бағдарлама бағытында терең білім алуға бағыттауда. Болашақта еліміздің ғылымы   мен  техникасын, ел экономикасын   дамытатын бүгінгі оқушы. Олай болса, алдымыздағы әрбір субьектінің ішкі қор ресурсын көре біліп, интеллектуалдылық-шығармашылық, зерттеушілік тағы басқа қабілеттерін дамыту үшін  ішкі жан дүниесі таза, бойы адамгершілік құндылықтар қасиетіне толы, өзін - өзі танып анықтайтын, еркін түрде саналы сезіне білетінтін, бәсекелестіктің әр қырына төтеп бере алатын, қарым-қатынас дағдысын меңгере білетін жаңа заман тұлғасын тәрбиелеуіміздің қажеттігі бүгінгі қоғам сұранысынан туындап отыр.  

        Білім саласында мұғалімдер оқушылармен жан-жақты  дамыту жұмысын жүргізу нәтижесінде үлкен жетістіктерге де қол жеткізіп, бүгінгі күні грантта еліміздің мықты универсететтерінде, шет елдерде оқып жатыр. Біздің «Шоқан Уалиханов атындағы №3мектеп-лицейі» талапқа сай болып, қуанатын балаларымызбен  ғана шектелмей, өкінішке орай, оның ар жағындағы сан жағынан аз болса да, біздің қол ұшымыздан берілетін әр түрлі бағыттағы түзету-дамыту жұмысын қажет ететін балаларды көре біліп, тани отырып, өзімізге тарта  білуіміз керек. 

        Өз деңгейінде меңгерілмеген мінез - ерекшеліктер мен жеткілікті дамымаған жағымсыз қасиеттердің салдарынан  тәрбие мен   білім алу   саласындағы олқылықтар  ата-аналарды, мұғалімдер мен педагог-психологтарды, ойландыру керек. Ата-ана өзінің еңбекқорлығы, жауапкершілігі, мәдениеттілігімен іс-әрекетімен баласының алдында тірі айна екенімізді ұмытпауымыз керек. Ата-ананың баласының ертеңгі болашақ өмірінің өзіндік мәнді болуын қазыр  көз жүгірте ойламау, бақылау жасамау, елеп-ескермеу салдарынан бала бойына ақырындап жағымсыз қасиеттер қалыптаса бастайды.  Атап айтсақ: баланың сабаққа тұрақты дайындығы жоқтығынан білім деңгейі төмендеп, өз-өзіне сенімсіздік, уайымдаушылық пен қорқыныш, үрейлі сезімде  жүру, өтірік айтуы, өзіндік ойдың болмауы, досын түсініп тыңдай білмеуі тағы басқа жағымсыз қасиеттер. 

        Бұл жағдайлар әсіресе жасөспірім оқушылар арасында кезігеді. Осы жастағы жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескеретін болсақ, олар тез еліктегіш, не бір теріс іс-әрекетке ойланбастан кіріп кететін иілгіш кезең , нашар топқа кіріп, шылым, сыра, насыбай т.б. жаман жағдайларға баруы мүмкін. Осы жағдайларға кезікпес үшін психологиялық тұрғыдан бірнеше бағытта диагностикалық зерттеу,профилактикалық алдын –алу  жұмыстары жүргізіледі. 

        Мысалы: 1)Автопотртрет проективті тест әдістемесі бойынша мінез-ерекшеліктері, атап айтсақ қорқыныш жағдайы, тұйықтығы, интеллектісі, агрессиялық күйі:

 2) Ерік-жігерінің қалыпты жағдайда болуының бала үшін маңызы зор екендігі;

3) Өзіндік мені,

4)Құндылық бағдары, 

5)Мамандыққа бейімділігі  т.б .жағдайлар анықталып, қажет деп танылған топпен ұсыныстарға сай сынып жетекші, психолог тәрбиелік сабақтар, тренингтік ойын жаттығулар, пікір-таластар коррекциялық жұмыстар жүргізеді. 

Психологиялық қолдауда,  кездесетін кемшіліктерді айту қажет деп санаймын : 

- Оқушының білім алуға саналы құлшынысының аздығы;
 -Өзін - өзі алдауы;
 - Ішкі ресурсын еркін аша білмеуі;
 -  Қоғам ортасына байланысты өзгеруі;
 -Пәндерге қызығушылық танытпауы;
 - Тапсырманы баға үшін, мұғалім үшін, ата-ана үшін орындауы;
 -- Болашақ туралы аз ойлануы;
 -  Көркем әдебиеттерді оқымауы;
  - Жағымсыз теледидар ақпаратымен, компьютерлік ойындардың  -      сана сезімі мен ой - өрісінің тежелуі (сөз қорлары, ойлауы, есте сақтауы, қабылдауы, т.с.с)
 -Ерік – жігерінің төмен болуы;
 -Өзіндік «Менінің»  төмен болуы;
 -Агрессиялық күй – жағдайда болуы (ішкі жан дүниесінің тұйық  болуы, қорқу, күдіктену сезімдерінің болуы);
 -Ата-ананың жанұяда жайлы орта туғызбауы;
 - Ортамен еркін қарым – қатынасқа түсе алмауы (жасқаншақтық, ұялшақ болуы, сөздік қорының аздығы);
  Басқа біреудің көмегін қажет етуі.
 

Ал бұл жағдайды болдырмай шешуде, алдын-алуда мектептегі 6 сағат аз, үйде ата-ананың   да  ықпалы болып бірлескен  төрттік одақ (ата-ана, сынып жетекші,психолог, әкімшілік) тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргізілу керек. Үйде бала денсаулығына, күн режимінің орындалуына, алдына қойған қысқа, ұзақ мерзімді мақсаттарының орындалуы, оған жетуге тырысуы да ата- ана назарынан тыс қалмау керек. Күндік 3-4 уақыт ыстық тамақпен тамақтануы, жақсы еңбектеніп сабақты сапалы қабылдау үшін калогриялы, витаминді тағамдар мен витаминдер қабылдауына көңіл бөлу керек.

         Қорытындылай келе, құрметті ата-аналар, өзін-өзі тану пән мұғалімдері, сынып жетекшілер алдымыздағы балалардың ішкі жан дүниесін түсініп, өзіндік менін ашып,  бойдарына адамгершіліктің өзін-өзі дамытудың қажеттілігін санасына кіргізе тәрбиелесек қоғам талабы мен сұранысына сай, бәсекелестікке беттеп тұра білетін жанымен тәні, ой -өрісі жоғары тұлғаларды тәрбиелеуге жол көрсеттік деп айтуға болады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив