26
декабрь
2019
Ғылыми-жаратылыстану циклі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикумы
27 қараша, 2019 жылы « Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ –де «Заманауи білім бағдарламасының білім беру мақсатындағы тиімділігі мен ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті. Семинардың мақсаты: «Жаңартылған білім беру бағдарламасының білім мазмұнындағы жаңару үрдісін игере отырып,оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру».Семинарға қала мектептерінің 26 жаратылыстану пәндері мұғалімдері мен Өскемен қаласының Білім беру бөлімі әдіскері Капчикова Нургуль Тлеубековна қатысты. Семинарда I санатты, В-2 интермедия деңгейлі химия пәні мұғалімі Нургендирова Айжан Оразкеновна «Металдар тақырыбына есептер шығару», жоғары санатты В-1 преинтермедия деңгейлі биология пәні мұғалімі Қаблақатова Раушан Мұқышбековна«Зәр шығару жүйесі» және жоғары санатты география пәні мұғалімі Сығаева Гаухар Тұрсынғалиевна «Ғаламдық экологиялық мәселелер» тақырыбында ашық сабақтар және оқу ісінің меңгерушісі Ғазизова Қарлығаш Қабдешқызы «Бағалау жүйесіндегі жаңашылдықтың білім сапасын көтерудегі маңызы мен тиімділігі» атты коучинг өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ашық сабақта «Ойлан,жұптас,талқыла», «Формулалар сөйлейді», «Үшінші артық»,«Таза тақта»әдіс–тәсілдері және зертханалық жұмыстар өте сәтті өтті. Ал, коучингте топтық жұмыстар ұйымдастырылып теориялық мәліметтер берілді және мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Адам адаммен» атты сергіту сәті мұғалімдердің қызығушылықтарын туғызды. Семинар соңында рефлексия жасалып, қонақтар өз ойларымен бөлісіп, шығу парағын толтырды.



