«Ағылшын тілі сабағын оқытуда оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары».
23 қаңтар 2019 жыл.15.00 Пресс-релиз.
Қалалық семинар «Ағылшын тілі сабағын оқытуда оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары».
Ұйымдастырушылар: Қалалық білім беру бөлімі.
Қатысушылар: мектеп №32, Ахмерова орта мектебі, №22, №23, №6, №9, №19, №47, №34, №37, №39, №43, №15, №30, №1, №12, №38, №29, №20, №18, №24№26, №42, №4, №45, №36, Меновной мектебі , №33, №32, №9, №7, №46, №17, №27, №5, №35, №42, №16, №44.
№3 мектеп-лицейінде 23 қаңтар күні қалалық «Ағылшын тілі сабағын оқытуда оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары».
Семинардын мақсаты:Ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыта отырып білім сапасын арттыру.
Семинар үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлім теориялық бөлім болды, бұл бөлімде мектеп директоры Акитбаев Есім Тұрысбекұлы қатысушыларға мектеп туралы мағлұмат беріп,семинардын сәтті өтуіне тілек білдірді.
Калалық білім бөлімінің әдіскері: Капчикова Нүргүль Тлеубековна семинардың маңыздылығы туралы айтып,сәттілік тіледі.Мектептің оқу ісі-меңгерушісі Адикова Гулжан Аңсағановна мектептің ағылшын тілі мұғалімдерін таныстырып,ағылшын пәнінен оқушылардын жетістіктері туралы және білім сапасының көтерілуі туралы үш жылға арналған салыстырмалы мониторингке тоқталды. Батырханова Жанна Какимбековна және Момболова Мадина Касымгалиевна ағылшын тілінде білім сапасының көтерілу жолдары туралы теориялық мәлімет берді.
Екінші практикалық бөлімінде, үш мұғалім Картаева Кенжегул Аукеновна (5 сынып),Караталова Сәуле Ергазыевна (10 сынып),Мамынова Гулжан Құмарбековна (7 сынып),ашық сабақтар өткізді.Үшінші бөлімінде қатысушы мұғалімдерді үш топқа бөліп рефлексия жүргізді.Қатысушы мұғалімдер өз пікірлерінде ашық сабақтар жоғары деңгейде өткені туралы айтты.
Қорытынды бөлімінде қалалық білім бөлімі әдіскері:Капчикова Нургуль Тлеубековна өткен семинарға жоғары баға беріп оқушылардың ағылшын тілінде білім сапасын көтеру жолдарын қорытындылады.





