12
апрель
2019
«CLIL әдісі бойынша метапәндік байланыстарды жүзеге асыру жолдары»
10 сәуір, 2019 жылы « Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ –де «CLIL әдісі бойынша метапәндік байланыстарды жүзеге асыру жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті. Семинардың мақсаты: «CLIL әдістемесінің тиімділігі мен қажеттілігін қолдай отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қалыптастыру». Семинарда I санатты, В-2 интермедия деңгейлі химия пәні мұғалімі Нургендирова Айжан Оразкеновна «Қышқылдар –Acids» тақырыбында ашық сабақ және жоғары санатты, В-1 преинтермедия деңгейлі биология пәні мұғалімі Қаблақатова Раушан Мұқышбековна шеберлік сыныбын ағылшын тілінде көрсетті. Семинарға қала мектептерінің 20 жаратылыстану пәндері мұғалімдері мен ментор Рыскулов Нұрсұлтан Кожайбайұлы қатысты. Ашық сабақта «Ойлан, жұптас ,талқыла», «Формулалар сөйлейді», «Үшінші артық » әдіс –тәсілдері және зертханалық жұмыстар өте сәтті өтті. Ал, шеберлік сыныбын ұйымдастыруда «Таза тақта», «Адам қаңқасының үлгісін жасау» әдістері тиімді пайдаланылып, «Адам адаммен» атты сергіту сәті мұғалімдердің қызығушылықтарын туғызды. Семинар соңында рефлексия жасалып, қонақтар өз ойларымен бөлісіп, шығу парағын толтырды.









