«Ұлы Абай мұрасы» тақырыбында «Ашық алаң» хабары түрінде тәрбие сағаты
Ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен таныстыра отырып, сөз қадірін ұғынатын талантты ұл-қыздар тәрбиелеу мақсатында «Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің» 4 «В» сыныбында «Ұлы Абай мұрасы» тақырыбында «Ашық алаң» хабары түрінде тәрбие сағаты өтті.Сынып жетекшісі Тойымбаева Г.Қ. сабақты Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған негізгі ақпараттармен таныстырудан бастады. Оқушылар ақынның шығармаларына жеке-жеке тоқталды. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы екендігін оқушылар өз сөздерінде айтып, пікірлерін білдірді. Ата-аналар мен оқушылар арасында өлеңдері мен қара сөздерін оқудан өткен эстафетадан бейнежазбалар көрсетілді. Шара сәтті өтті.