«Құлақтан кіріп бойды алар»
«Құлақтан кіріп бойды алар» ашық тәрбие сағаты 10 В сыныбы
Сынып жетекшісі Нургендирова А.О.
Ұлы Абай атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай 7 ақпан күні 10 В сыныбында «Құлақтан кіріп бойды алар... » атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Сынып оқушылары бәрі дерлік Абай өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерінен ұққандарын айтып, әндерін әуелете орындады. Абай өлеңдері , шығармалары, «Абай жолы» роман- эпопеясы, «Абайды білмек парыз ойлы жасқа», Абай өсиеттері т.б кітаптар және буклеттер оқушыларға көрмеге қойылды. Абай атамыздың аманатын орындауда оқушыларға оқу -тәрбие бағытында дұрыс жолға қойылған. Сынып белсенділері Амина, Алина, Әдеп, Дильназ, Алдияр, Ильястар өз ойларын жақсы жеткізе білді. Дидар көркемсөз оқу шебері екенін көрсетті. Сынып жетекшісі Айжан Оразкенқызы ұйымдастырған сынып сағаты жоғары деңгейде өтті.
