Орыс тілі және әдебиеті әдістемелік бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен “Дархан халықтың дана Абайы” атты онкүндік өтті.
2019-2020 оқу жылының 02.10-14.10 аралығында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай орыс тілі және әдебиеті әдістемелік бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен “Дархан халықтың дана Абайы” атты онкүндік өтті.
Мақсаты:
- Адамзаттың ақыл ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымын дәріптеу.
- Тілді құрметттй білуге үйрену.
- Абай Құнанбаев шығармаларын үш тілде оқу арқылы өзіндік сөздік қорларын кеңейтуге ықпал ету (Абай оқулары).
- Абай шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтуге тәрбиелеу.
Міндеті:
- Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау, жас ұрпақтың бойына рухани мәдениетті, салт-дәстүрді сіңіру.
- Өзара пәнаралық байланы орнату, тәжірибе алмасу.
- Оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Онкүндік кезінде орыс тілі және әдебиет әдістемелік бірлестік мүшелері пән бойынша ашық сабақтар және Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай түрлі ашық шаралар өткізді.
Турсынгалиева А.С. 5 А сынып оқушыларымен «Повествовать значит рассуждать» тақырыбы бойынша, Борамбаева У.А. 8А сыныбында «М.Ауэзов.Сирота» тақырыбында, Слембаева К.У «Что за прелесть эти сказки?» тақырыбында 5 Е сынып оқушыларымен, Жайлаубаева Г.К. « Зеленый мир» тақырыбында 6Е сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. «Твой шаг в природу» тақырыбында Свенова С.Ш. 6Д және Балуангали С.Ж 6Б сыныбында ашық сабақ өткізіп, оқытудың белсенді әдістерін қолдануды үйретті.. Крыкпаева У.К. 5Г сыныбында «Описание-словесное рисование», Кадылбекова А.К. 4А1 сыныбымен «Что такое ценности?» тақырыбы бойынша, Кистаубаева Н.Б. 6Б сыныбымен «Ласточки на паровозе» тақырыптары бойынша өткізген сабақтары да жоғары бағаланды. Бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мен білетін Абай» зияткерлік сайысы, «Абай оқулары» және «Мен және Абай» эссе сайысы ойдағыдай өтті. Шаралардың мақсаты Абай өлеңдерінен,қара сөздерінен,әндерінен өз шығармаларынан үзінді оқу және өз ойларын жеткізу мақсатында шығармалар жазу болды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін, әртістік қабілеттерін көрсете білді. Шаралардың қорытындысы бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды
Турсынгалиева А.С. және 5 А сынып оқушылары

Борамбаева У.А. 8А сынып оқушыларымен
Слембаева К.У. 5 Е сынып оқушыларымен
Жайлаубаева Г.К. 6Е сынып оқушыларымен
Свенова С.Ш. және 6Д сынып оқушыларымен
Балуангали С.Ж 6Б сыныбымен
Кадылбекова А.К. 4А1 сыныбымен
Кистаубаева Н.Б. 6Б сыныбымен