«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп –лицейінде» 2-12 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі
«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп –лицейінде» 2-12 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі болып өтті. Онкүндік Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Тақырыбы «Дана қазақтың дара Абайы». Онкүндікте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтар, ашық шаралар өткізді. Мектепішілік «Абай оқулары» ұйымдастырылып, оқушылар Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін, әндерін ерекше ықыласпен орындады. Көркемсөз оқу сайысындажүлделі орын алған 5 «а» сынып оқушысы Елтай Айша 1-орынды иеленді. 6в сынып оқушылары жоғары белсенділікпен қатысып, сахналық қойылым көрсетті. Жетекшісі Табиева Бақытгүл Алпысбайқызы. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» кезеңі бойынша 8 «а» сынып оқушылары Айдынова Арна бас жүлдені жеңіп алса, 8 «б» сынып оқушысы Имашева Аружан 1-орынды иеленді.



