Мектеп асханасын қадағалау актісі
АКТ
25.10.2019 ж. Мектеп асханасына өндірістік қажеттілігіне байланысты жүргізілген рейд қорытындысы 25.10.2019 ж. Мектеп асханасында жөндеу жұмыстарының, безендірілуінің және оқушыларға берілетін тамақтардың сапалы, құнарлы болуын анықтау мақсатында төмендегідей комиссия құрамы болып, акт жасадық.Комиссия төрайымы-Г.Адикова-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыКомиссия мүшелері: - А.Қапжапаров-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-Қ.Колнурова-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-А.Чоканова-директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
-С.Балуанғали-кәсіподақ ұйымының төрайымы
-Д.Касымжанов-әлеуметтік педагог
-З.Бекбаева-қамқорлық кеңесінің төрайымы
-М.Нугманова-ата-аналар комитетінің төрайымы
Мазмұны төмендегідей:
- Асхана есіктері жаңадан қойылмаған. (барлығ 6-есік: мектеп вахтасы жанындағы есік - 2, сыртқы есік - 2, буфет маңындағы есік-2).
- Залға стол -орындықтар әкелінбеген. (Қазіргі пайдаланып жүрген стол-орындық басқа мектептен 1.11. 2019ж. дейін уақытша пайдалануға әкелінген).
- Келісім шарт бойынша негізгі құралдар сатып әкелінген жоқ. (Мектеп асханасындағы барлық негізгі құралдар мектеп балансында тұр. Сол жабдықтарды қосымша келісім шартпен уақытша пайдалануға берілді.
- Диетолог, технолог жоқ. (Ас мәзіріне мектеп дәрігері қол қойып жүр).
- Оқушылардың тамақ ішкен ыдыстарын қоятын стол жоқ.( Қазіргі уақытта оқушылардың партасын пайдаланып жүр).
- Ыдыс – аяқ жуатын мойкасы сатып әкелінген жоқ. (Қазіргі уақытта мектептің ескі мойкасын пайдаланып жүр).
- Кухняда желдеткіш (вентилятор)жұмыс жасамайды.
- Тамақ беруші, буфетші, кассир адамның қызметін бір қызметкер ғана атқарып тұр.
- Кассалық аппарат жоқ. Төленген ақшаның квитанциясы берілмейді.
- Күнделікті берілетін тамақ бекітілген ас мәзіріне сай емес.
- Асхана қызметкерлеріне жұмыс киімін ауыстыру үшін арнайы бөлме қарастырылмаған. (Асхана қызметкерлері асхана дәретханасында киініп-шешінеді).
- Тамақты жылы күйінде ұстап тұратын мармид жоқ.
- Раздаточный лента жоқ.(ол жерде мектеп парталары тұр).
- Келісім-шарттың қазақша слабовидящих жоқ.
-
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді 10.11.2019ж. дейін түзету ұсынылды.