01
апрель
2024
«ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ»





қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Табиева Бакытгуль Алпысбаевна және тарих пәні мұғалімі Мұхамадиянова Айнұр Мұхамадияқызы қатысып келді. Конференцияның мақсаты – Орта Азия қала берді күллі түркі әлеміне танылған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеп-зерделеу, осы конференция аясында отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ тұлғаның даналық хикметтері мен өсиеттерін оқу жүйесіне енгізуді басшылыққа алу,Орта ғасырда қалыптасқан ағартушылық қызмет пен рухани танымдық мұралардың құндылықтарын ашып көрсету. Конференцияға еліміздің 13 облысынан 140 мұғалім, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінен Ясауи ілімі мен өмірін зерттеп жүрген айтулы ғалымдар да арнайы келді. Ұлы ойшылдың саф алтындай сарқылмас мұрасы құндылығының жас ұрпақ тәрбиесін тигізер ұшан-теңіз пайдасы жайлы ғалымдардың дәлелдері мен тұжырымдары кімге болса да озық тәжірибе.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова конференцияның алға қойған мақсаттарының бірі – «Ясауитану» пәнін мектеп бағдарламасына енгізу, жас буынды Ясауи ілімімен таныстыру, дәріптеу жайлы ой қозғады. Конференция барысында Бакытгуль Алпысбаевна "Қожа Ахмет Ясауи шығармаларындағы құндылықтар көрінісі" атты, сондай-ақ Айнұр Мұхамадияқызы "Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін оқи отыра тәрбиелік мәнін көрсету" тақырыбында баяндамаларын қорғады. Конференция мәнді де мағыналы, тағылымы терең мазмұнда өтті. Әріптестеріміз өз тәжірибелерінде Ясауидің хикметтерін жас ұрпақты тәрбиелеуде бойларына сіңіре отыра әр түрлі сайыстарға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болады деген ойдамыз.