20
сентябрь
2019
Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Қыркүйектің 9 күні облыстық Жамбыл Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияда, Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тағылымы және жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибатаева Индира Айтахметқызы қатысып, жүлделі орынға ие болды.




