Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп – лицейінде «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайы
Анықтама
16.10.2019-2020 оқу жылы
Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп – лицейінде «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу
8.05.2019ж. №194 бұйрыққа сәйкес құрылған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік жұмыс тобы 16.10.2019ж. Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп – лицейінде болып, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайына аналитикалық талдау жасады.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының мектепте қандай деңгейде жүзеге асып жатқаны тексерілді.
Анықталды:
-«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған;
- «Өзін-өзі тану»пәні бойынша мектептің нормативті құжаттары талапқа сай;
-«Өзін-өзі тану»пәні бойынша өткізілген 6(алты)ашық сабақ жаңартылған мазмұнда өте жоғарғы деңгейде өткізілді.
-Ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Молдахметова Н.Т.(2в);
Есіркепова Н.-2а; Мұсанова Қ.Қ. – 3 а; Смагулова М.Ж. – 3 г; Шарипова А.Б.-6а сынып;Ибрагимова Ғ.Ж. – 8а сынып).
Мұғалімдерден, оқушылардан сауалнама алынып, қорытындысы жасалды.
Мектеп оқушылары пән бойынша оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген;
- педагогикалық кадрлардың құрамы мен олардың біліктілігі талапқа сай.
- әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі, өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілуі және олардың жұмыстарының бақылануы жүйелі жүргізіледі;
- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының өзін-өзі тану сабақтарына қатысуы және педагогтарға семинар өткізуі жоспарлы түрде жүзеге асып отырады.
- озық педагогикалық тәжірибе зерделеніп және насихатталып отырады.- педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырыста «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу сапасы жоспарлы түрде қаралып отырады. Нәтижесінде өңірлік жұмыс тобы мектепте Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылуы өте жақсы деңгейде деп атап көрсетті.
Анықтаманы жазған оқу ісі меңгерушісі Адикова Гулжан Аңсағанқызы



