«Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» (экологиялық викториналық сайыс) » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7232) 25-36-18
Есепші бөлімі:
+7 (7232) 25-36-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» (экологиялық викториналық сайыс)
28
апрель
2021

«Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» (экологиялық викториналық сайыс)

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

« Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейі » КММ

                                 «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» 

(экологиялық викториналық сайыс)

Жауапты: Қапжапаров А.З., Сыгаева Г.Т., Құсайова А.А.

Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
 Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
 
 Сабақ барысы:

Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек.   «Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.

Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі. Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады. Балалар, экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы оқығандарымызды ортаға салып, сайыс түрінде өтетін сыныптан тыс шарамызды бастайық.

Сайыс шарттары:
 І – айналым: Ғажайып Қазақстан (Сергіту сұрақтар )
 ІІ – айналым: Супер ойын -«Сиқырлы сандық»
 ІІI – айналым: «Сұрақ бізден, жауап сізден»
 ІV – айналым: «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларды танисың ба?»
 V – айналым: Шешуші сәт
 
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
 «А» тобына қойылатын сұрақтар:
 1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең - байтақ)
 2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)
 3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)
 4. Қазақстан тауларын атаңыздар? 
(Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)
 5. Шығыс Қазақстанда қандай мемлекеттік қорықтар бар? (Батыс - Алтай қорығы, Марқакөл қорығы)
 

V тур. «Шешуші сәт»
 
Бұл турда экранда 4түрлі тақырып берілген. Сол тақырыптың сұрағы оқылмас бұрын, әр оқушы немесе топқа жеке - жеке ставка жасап, қағазға жазып алдарына қояды. Сосын сұрақ оқылады. Ойлануға 30 секунд беріледі. Жауабын жазбаша түрде қағазға жазып береді. Уақыт аяқталғанда жауаптарын және жасаған ставкаларын көтеріп көрсетеді. Егер жауабы дұрыс болса, жасаған ставкасы ұпайына қосылады, жауабы қате болса ставкасы ұпай санынан шегеріледі. Ең соңында кімнің ұпай саны көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.
 
 Экологиялық апаттар: Соңғы 20 - 30 жылда көлемі 2 есеге кішірейіп кеткен, экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстанның оңтүстігіндегі теңіз.(Арал теңізі)
 
 Адам – қоғам перзенті: Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған - туыстарын жинайды, қонақ етеді. Олар жас отауға тілек тілеп, әр қайсысы көмек көрсетеді. Керек жағдайда туыстары, жолдастары жаңа отбасына қажетті жағдай жасауға құлшына кіріседі. Бүкіл ағайындарының жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектесу дәстүрі қалай аталады? (Асар)
 
 Табиғат: Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы құрылысы және көл жағасындағы мыс балқыту комбинаты осы көлдің тартылуына және ластануына алып келді. Бұл қай көл? (Балқаш көлі)
 
 Жер - ғарыш денесі: Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық, латынша
 «теңейткіш» деген сөз. Бұл сызық қалай аталады? (Экватор).
 
 Туған жер - алтын бесік: Осы жазыққа көптеген ақындар өз шығармаларын арнаған, ертеде мал жайылымы ретінде қолданылған. Құрманғазы өз күйін осы жазықтың аты мен атаған. Жазықтың атын жаз.(Сарыарқа)
 
 Қорытынды: Табиғатты ұқсатып мәпелейік
 Барды сақтап, мәртебе әперейік
 Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге
 Жалғастырсын күш қосып күшімізге
 Табиғатты қорғайық, аянбайық! - деп осымен бүгінгі экологиялық сайысымызды аяқтаймыз. Қатысып отырған ұстаздар мен ұландарға рахметімізді айтамыз.
 Сайыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталды.



 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив