«Креативті ұстаздан – тың идеялар»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп- лицейі» КММ-нің зерттеуші -педагог қызметкерлерінің оқу – тәрбие процесіне тың өзгерістер еңгізіп, жаңа технологияларды оқыту жүйесінде тиімді түрде қолданып, сапалы еңбек етіп келеді.
2021-2022 оқу жылының 20 қараша – 4 желтоқсан күндері аралығында «Креативті ұстаздан – тың идеялар» атты тақырыппен педагог-зерттеуші ұстаздардың онкүндігі жоспарланып, онкүндіктің ашылуын 20 қараша күні үлкен жауапкершілікпен, жаңаша тың идеяларымен бастап, өте жоғары деңгейде фестиваль түрінде өткізді. Онкүндіктің тақырыбына сәйкес мақсаттар мен міндеттер алынып, күтілетін нәтиже айқындалды.
Онкүндіктің мақсаты: Жаңа технологияларды тиімді пайдалану негізінде оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, білім сапасын көтерудегі технологиялардың маңызын талқылау, өзара іс-тәжірибе алмасу.
Жалпы онкүндіктің жоспары 4 бағыт, 23 ашық сабақтар мен 8 оқушыларға арналған 2 мектеп ұстаздарына арналған ашық шаралар бойынша жоспарланып, бекітілді. Атап айтқанда,
1-бағыт: Теориялық бөлім «Педагогикалық теория мен практиканың өзара қатынасы» тақырыбында семинар-практикум түрінде өтті. Семинарда тәжірибелі әрі тренер ұстаздарымыз Толыбаева К.С. Ибатаева И.А. Амисултанова Ж.С. мектебіміздің ұстаздарына әсіресе жас мамандарға инновациялық технологиялар («даралап-саралап оқыту», «деңгейлеп- саралап оқыту», «сын тұрғысынан ойлау», «ақпараттық- коммуникативтік», «тірек-сызба», «дамыта оқыту», «проблемалық оқу», «оза оқу», «ойлау, ой тастау», «жеке тұлғаға бағдарланған оқыту») туралы жаңа ақпараттармен таныстырып, теориялық білімдерімен бөлісе отырып, әдістемелік көмек көрсетті.
2-бағыт: Іс-тәжірибемен бөлісу «Түрлі сабақ болғанымен – әрбірінде шеберлік...» бағытында педагог-зерттеуші ұстаздарымыз өздері таңдап алған жаңа технологияларды сабақта қалай тиімді қолдану керектігін және осы технологияларды қолдану барсында оқушының білім сапасын арттыру жолдарын көрсете отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 27- қараша күні 3-бағыт: «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша 7 ашық шаралар өткізілді.Атап айтқанда: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап – ғажайып дос» тақырыбында 3 сыныптар арасында, «Алтын қақпа» 5 сыныптар арасында, «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» спорттық сайыс 6 сыныптар арсында, « Ізденген жетер мұратқа» 7 сыныптар арасында, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» 8 сыныптар арасында, «Қайда логика?» 9 сыныптар арсында, «Білімділер бәйгесі» 10 сыныптар арасында, «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз» 11 сыныптар арасында интеллектуалды ойындар мен спорттық жарыстар түрінде ұйымдастырылды.
4-бағыт: Кері байланыс «Педагогикалық сандықша». 4 желтоқсан күні онкүндіктің соңғы күні мектебіміздің ұстаздарына арналған «Шеберлікке шек жоқ» атты тимбилдинг пен «Тамыздығын жақсаң тас та жанады» тақырыбында квест интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Фестивалдің жабылуы зерттеуші ұстаздарымыздың сарапшы ұстаздарға кубокты салтанатты түрде тапсыру рәсімімен аяқталды.
Қорыта айтатын болсақ, нәтижесінде кәсіби қауымдасқан орта қалыптасты. Ұстаздарымыз өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардан көп нәрсе үйренді. Онкүндік өз мақсатына жетті.