«Бүгінгі қыз баланың бойындағы жағымды қасиеттер және жағымсыз жағдайлардан алдын-алу»
Каникул күндері мектебіміздің «Өзіңді-өзің тани біл!» психологиялық үйірме мүшелері 8 «д» сынып қыз балаларымен «Бүгінгі қыз баланың бойындағы жағымды қасиеттер және жағымсыз жағдайлардан алдын-алу» тақырыбында мектеп психологтары Гарифуллина Гульмира Мубараковна, Колнурова Каламкас Догторбаевна бірлескен дөңгелек стол отырысын өткізді. Отырыс өте тартымды өтіп, жан –жақты ой бөлісілді. Алдағы уақытқа өздерін қызықтыратын отырыс тақырыптарын ұсынды.
Сол сияқты 25.03.2022 күні қалалық «Балалар шығармашылық үйі» психологының ұйымдастыруымен өткізілген 7-8 сынып жасөспірім оқушыларымен «Жыныстық мәдениетті қалыптастыру» бойынша ZOOM платформасында өткен марафонға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Марафон барысында әртүрлі жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауаптар айтылды.



Посмотреть онлайн файл: aparat.doc