Аттестацияға құжатты жинау тәртібі
Аттестацияға құжатты жинау тәртібі
МЕКТЕП ПЕДАГОГТАРЫ
Құжат қабылдау білім беру ұйымында жүргізіледі (қабылдау, бас тарту туралы қол хат берілу керек.2,3 қосымша)
Портфолиоға салынатын құжаттар тізімі
1) өтініш (6-қосымша кезекті аттестаттауға, 15 -қосымша мерзімінен бұрын алуға); өтініш шапкасына педагог-модераторға аудандық білім бөлімінің аттестаттау комиссиясының төрағасына, педагог-зерттеуші, педагог- сарапшыға облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясының төрағасына деп жазылады.
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат;
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);
7) оқушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар (№514 бұйрыққа сәйкес және мемлекеттік мекемелер өткізген конкурстар);
8) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар (№514 бұйрыққа сәйкес және мемлекеттік мекемелер өткізген конкурстар);
9) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау(Конференция, семинарларда доклад, сабақ көрсетуі);
10) сабақтарды талдау (9-қосымша), әріптестердің, басшының орынбасарларының, басшының, әдіскерлердің, ата-ананың пікірлері
11) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі хаттамасынан үзінді (31-қосымша)
12) бағалау өлшемшарттарынан туындайтын құжаттар толық болу керек (8-қосымша)
13) біліктілік санатын беруге (растауға) білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау парағы (10-қосымша)