05
январь
2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мектептердегі тегін тамақтану мәзіріне жаңа өзгерістер енгізілді!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Мектептердегі тегін тамақтану мәзіріне жаңа өзгерістер енгізілді!
🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы №103-НҚ бұйрығына және Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі №405 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты, 2025–2026 оқу жылына арналған мектептерде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен тамақтандыру ұйымдастырылатын білім беру ұйымдарына төрт апталық маусымдық перспективалық мәзір бекітілді.
🎯 Мақсаты:
Оқушылардың денсаулығын нығайту және теңгерімді, сапалы тамақтануды қамтамасыз ету.
✅ Жаңа мәзір балалардың жас ерекшеліктері мен физиологиялық қажеттіліктеріне сай әзірленіп, дәрумендерге бай, пайдалы тағам түрлерімен толықтырылған.
🧒🏻👧🏻 Балалардың саулығы – басты назарда!