Қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын көтеру бағытына психологиялық қолдау » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Коммунальное государственное учреждение
Школа-лицей №3 имени Шокана Уалиханова
"отдела образования по городу Усть-Каменогорску"
управления образования ВКО
Приемная
+7 (7232) 25-36-18
Бухгалтерия
+7 (7232) 25-36-18
Версия для
слабовидящих
» » Қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын көтеру бағытына психологиялық қолдау
05
март
2021

Қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын көтеру бағытына психологиялық қолдау

     Коронавирус пандемиясы және әлемдік дағдарыс жағдайы да оқу-тәрбие   үрдісіне өз қатерін тигізбей қойған жоқ. Жылға жуық уакыт болды оқушыларымыз  «Совид-19»-ға байланысты қашықтықтан онлайн форматында білім алуда. Бұл жағдай мектеп оқушылары бойынан көптеген проблемалық жағдайлар туындатуда. Олардың ішінде:оқу-тәрбие үрдісі бойынша «Өзіндік менін» дұрыс аша біліп, өз-өзімен дұрыс бағытта табандылықпен жұмыс жасап, ерік-жігерін меңгере білген оқушыларымыз қуантуда болса, кейбіреулерінің  мінез-ерекшеліктері өзгеріп, білім сапасы төмендеуде. Оқушының білім сапасын көтеруге байланысты оқу ісінің меңгерушілері жан-жақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, жаңа бағытта  жұмыстар жүргізуде. Оқушының өзі мұғалімнің берген тапсырмаларын орындауы туралы шешімді қабылдауы үшін диалог пен сыйластық, достық қарым-қатынаста болуы маңызды. Оқушыға ненің пайдалы, ненің көмектесетінін және не кедергі  келтіруі мүмкін екенін дер кезінде талқылап отыру керек. Оқушы қашықтықтан оқуға байланысты әрқашан қағазға өз ойы мен ниетін жазып жоспарласа, алдына қойған мақсатының орындалуына психологиялық тірек болады.

Әр күннің соңында баламен күнінің қалай өткенін, не істегенін егжей-тегжейлі талқылаған дұрыс. Баланың жетістіктері мен қиындықтарын түсіну үшін нақты тәжірибеге бағытталған ашық сұрақтар қойыңыз. Мысалы: қалай?, не үшін?, не сезіндің? т.с.с. Оқушылардың көпшілігі уақытты дұрыс жоспарлап, үнемдеп, тиімді пайдалана алмайды. Сондықтан оқушыға айлық, апталық, бір күндік жоспар жасауға көмектесу кажет және соған дағдыланғандары дұрыс.

Оқушылардың  күнделікті жоспарланған күн режимінің тиянақты аяқталуын қадағалау маңызды. Жұмысты 25-30 минуттан бөліктерге бөлу пайдалы, олардың арасында кез келген нәрсемен айналысуға болатын бес минуттық үзіліс жасау керек.
       Оқушының үйдегі жұмыс орнының талапқа сай, ыңғайлы болуы сабағының сапасына әсер етеді. Қашықтықтан оқытудағы  оқу үлгерімі оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары мен жасөспірім оқушыларының мінез-ерекшеліктеріндегі өзгерістердің әсер етуі. Сол сияқты  түрлі проблемалық мәселелер туындауынан баланың үрейі артып, сенімсіздік пен қорқыныш туындайды

Бала қашықтықтан оқу барысында  қиындықтарға шалдығып жатқанын қалай байқауға болады

1.Баланың түрі шаршаңқы, қажыған.

2.Бала күнін қалай өткізгені туралы әсерлерімен бөліскісі келмейді.

3.Ересектің назарын мектептегі жайттардан аударып әкетуге, басқа тақырыптарға бұруға тырысады.

4.Үй тапсырмасын орындағысы келмейді.

5.Мектеп, мұғалімдер, сыныптастар туралы жағымсыз пікір білдіреді.

6.Мектеппен байланысты оқиғаларға шағымданады.

7.Ұйқысы мазасыз. Тәбеті бұзылады.

8.Таңертең ұйқыдан әрең оянады, енжарлыққа бой алдырады.

9.Өзін үнемі нашар сезінетініне шағымданады.

10. Жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.

11. Ұмытшақ болып болады.

12. Алаңғасар болып кетеді.

Осындай жағдайда ата-аналар не істеу керек?

1.Балаңыздан қашықтан оқыту  жағдайы туралы сұрастырып отырыңыз.

2.Балаңыздың мұғалімдерімен үнемі сөйлесіп тұрыңыз.

3.Балаңыздың оқу үлгерімін өзіңіздің жазалау мен ынталандыру жүйеңізбен байланыстырмаңыз.

4.Балаңызға домтапсырмаларын орындауға көмектесіңіз.

5.Балаңызға онлайн мектеппен сабақ оқуға  қызығушылық танытуға көмектесіңіз.

       6.Үйде жайлы және орнықты ахуалды сақтап отыруға ерекше көңіл бөліңіз. 

          Қорыта келгенде, пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту болашақ ұрпақ үшін жасалған дұрыс қадамдардың бірі. Заман талабына сай білім беру, үнемі жаңалықтан қалыс қалмай, қандай қиындық пен қауіп-қатер болса да, білімді және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің міндетіміз. 



Мектеп педагог-психологы: Гарифуллина Гульмира Мубаракқызы.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив