2020-2021 оқу жылының жиналысы
БІРЫҢҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
17қырқүйек,2020жылыАта-аналар жиналысының мақсатыкоронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар етуАта-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу (экранда көрсету)Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесіБаланың оқу режимі және демалысыБалалардың интернеттегі жұмысын ата-аналармдың бақылауы ережелерімен танысуАта-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясыКоронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу іс-шараларына байланысты бағалау ережелеріне өзгерістер енгізілді;1 сынып оқушылары бағаланбайды2-11 сыныптарда пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) жүргізіледі;5-15 қазан аралығында 2-11 сыныптарда БЖБ, 28 қазаннан бастап 2-11 сыныптарда ТЖБ өткізу ұсынылады. Әр мектеп өз оқу кестесіне байланысты, оңтайлы уақытта өткізеді;Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда, электрондық журналдар болмаған жағдайда - қағаз журналдарда жүзеге асырылады.Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) жауапкершілігі:баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;баланың оқу кестесі мен тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз етуАта – Аналарға кеңесМектептен байланыста болу; егер отбасы білім беру ұйымымен қажетті техникамен қамтамасыз етілген жағдайда, жабдықтың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.Пайдалы сайттарды, танымдық ресурстарды ашуға үйретіңіз;Информацияпен танысқаннан кейін не қызықты екенін сұраңыз;Балаларыңызға өздері туралы ақпаратты желіде орналастырмау керектігін түсінуге көмектесіңіз;Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз.Олардан өзіңізді бұрын қолданбаған қосымшаларды қолдануға үйретуді сұраңыз;Егер Сіздің балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай хаттарда жазылғандарға сенбеуге және жағдайда оларға жауап бермеу керектігін ескертіңіз;Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтынын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда келіссіз немесе агрессивті мазмұндағы фотосуреттер, бейнелер болуы мүмкін екенін жеткізіңіз;Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтуы мүмкін және өздерін басқа адамдардың атынан көрсетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;Балаларыңызбен үнемі сөйлесіп отырыңыз, интернеттегі басқа адамдардың іс-әрекеттеріне қалай дұрыс әрекет ету және жауап беру туралы кеңес беріңіз;Егер біреу желіде ренжітсе немесе агрессивті мазмұндағы материалды көрсе балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз;Сіздің балаларыңыз қолданатын компьютерде жасына қарай зерделеу құралдары орнатылып, дұрыс конфигурацияланғанына көз жеткізіңіз.Компьютерді көрінетін жерге қойыңыз;Сабақтан тыс уақытта Интернетте пен ойын уақытын шектеңіз (күніне 15-30 минут);Балаңыздың Интернетке кіруіне тарихына қызығушылық танытыңыз;Балаңызбен компьютерде немесе мобильді құрылғыда не көретіні және немен айналысатыны туралы сөйлесіңіз;Балаларға компьютерде тиімді уақыт өткізуді және нақты дағдыларды игеруді ұсыныңыз;Үлгі болыңыз. Балалар көбінесе ата-аналарының мінез-құлқын қайталайды.
Республикалық жалпы ата-аналар жиналысы
Күні: 17.09.2020 ж
Сынып: 6«В»
Қатысқаны:24
Қатыспағаны: 2
Себепті: 2
Өткізілген интернет-платформа: Zoom
Күн тәртібіндегі мәселелер:
- Қашықтықтан оқу кезіндегі интернет платформалар.
- Оқушылар білімін бағалау жүйесінің 2020-2021 оқу жылындағы өзгерісі.
- Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту барысындағы оқушылардың формасы
- Ата-аналар комитеттерін сайлап бекіту.
Ата-аналар жиналысының құрылымы:
I. Кіріспе бөлім – 3 мин.
- ата-аналар жиналысының тақырыбы, мақсаты, күн тәртібіндегі мәселелер айтылады.
Сынып жетекшісі Абилмажинова Н.Ч ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап айтты. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiлгендігін ескерте отырып ата-аналарды 15 қыркүйекте өткен отбасы күнімен құттықтады.
II. Негізгі бөлім – 20 мин.
6 «В» сынып жетекшісі Абилмажинова Н.Ч ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндады. Ең бастысы режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айтты.
1 мәселе: Қашықтықтан білім беру процесі синхронды және асинхронды форматта өткізіліп жатқандығын ескертті, және әр пән мұғалімінің таңдауы бойынша келесі платформаларда жүзеге асырылып жатқандығын айтты:
Onlinemektep жүйесінің мүмкіндіктерін айтып өтіп барлық оқушыларға олардың кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөздері таратылғандығын айтты. Оқушылар атынан сабаққа кіргенде видеоконференцияға немесе дәріс сабаққа өтіп тапсырмаларын орындап бірден сабақтың нәтижесін көру мүмкіндігі айтылды. Сондай ақ Telegram және Whatsapp желілері негізгі платформа екендігі пәндерге арналған оқу чаттары сол жерде жүргізілетіндігін, және ата-аналар қадағалап отыру керектігі ескертілді.
Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде телевизиялық сабақтар ұсынылатын болады.
2 мәселе: Жаңа оқу жылында бағалау жүйесіне енгізілген өзгертулер жайлы айтылды. Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.
«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейдіндігін айтты.
3 мәселе: Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі киімде сабаққа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданғандығы айтылды.
4 мәселе: бойынша сынып жетекшісі сөзі:
Ата-аналардан бір ауыздан ата-ана комитетінің төрайымын және көмекшілерін, қамқорлық кеңесінің төрайымын және хатшыны сайлау сұралды. Ата-аналар бір ауыздан 2018-2019 оқу жылында ата-ана комитетінің төрайымы болған Альфия ханымды ұсынды. Барлық ата-аналар келісімімен:
- ата-аналар комитетінің төрайымы –Бакбаева Альфия Нұрланқызы,
- көмекшілері –Қалымбекова Әйгерім Төлепбергенова, Назарбекова Жұлдыз Тілеубердиевна,
- қамқорлық кеңесінің төрайымы-Тусупова Жанна Жакупбековна,
хатшы-Мамырбекова Мақпал Муратбековна сайланды
ІII. Қорытынды бөлім
Қорытынды шығарылды, сұрақтарға жауап алынды.
Қаулы:
- Оқушылардың интернет платформаларды пайдаланудағы қауіпсіздігіне ата-анарына жүктелінсін.
- Ата-аналар комитетінің құрамы жоғарыда көрсетілгендей тағайындалсын.
Сынып жетекшісі: Абилмажинова Н.Ч.
Ата-аналар комитетінің төрайымы –Бакбаева Альфия Нұрланқызы
Телефон нөмірі: 87085547838 ,
Адресі: Согра, Охотская 52

