Попечительский совет отырысының хаттамасы
Хаттама №1
отдела образования по городу Усть-Каменогорскунің қамқоршылық кенесінің жиналысы. 23.09.2019 жыл
Қатысқаны:9
Қатыспағаны:0
Қамқорлық төрайым: Бекбаева Зарина Мұратбекқызы
Мүшелері: Молданова Батила Мукановна
Дюсембаева Ельмира, Баймаканова Фарида
Тамтыков Айдын Мұратайұлы,Қайрбаева Жазира Қуатбекқызы
Қамбарова Гүльмира , Сергазина Анар
Мусина Гульназ Мырзауалловна
Хатшы: А.Тамтыков
Күн тәртібіндегі :
Қаралатын мәселе: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 29.08.2017 жыл №15584 болып тіркелген бұйрығын басшылыққа ала отырып «отдела образования по городу Усть-Каменогорску» КММ айлық жалақысы кісі басына шаққанда 29698 тг ден аспайтын жанұя және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға қамқоршылық кеңес атынан асханадан бір уақыт тегін тамақтануды ұйымдасытыру.
Қамқорлық кенеске мектеп әкімшілігінен берілген 1-11 сынып оқушыларынан 155 оқушы. Оның ішінде 2 оқушы 18 жасқа дейінгі мүгедектік анықтамасы бар Алтаева Адина Дамирқызы 2е -сынып,5в –сынып оқушысы Назарбекова Айым. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 9 б сынып оқушысы Айтмұхамбетова Алина.Мектеп тарапынан ұсынылған оқушылардың құжаттарын тексере келе айлық күн көрісінің 29698 теңгеден аспайтындығы расталды. Сынып жетекшілер сыныбындағы оқушыларды зерттей келе тұрмыстық зерттеу актісін жасап, ата-аналар жиналысында қаралған.
2-мәселе: Асхана ішіндегі ас мәзірінің бекітілуі және асхана ішіндегі гигиеналық тазалығымен асхананың күрделі жөндеуден өткізілуі туралы мәлімет.
Асхана меңгерушісі Айгүл ханым асхананың бір апталық ас мәзірін ата-аналарға мәлімдеді, Өскемен қаласы әкімдігінің білім беру бөлімімен бекітілген ас мәзірінің жалпы Өскемен қаласындағы барлық мектептерде ұсынылатынын айтты. Ата-аналар асмәзірімен танысып болып, меңгерушіге ұсыныс жасады:
1-ұсыныс: Сәрсенбі және Жұма күнгі ас мәзірінде міндетті түрде бірінші, екінші ыстық тамақ болуы міндетті,үшіншіге салат немесе алма берілсе деп ұсыныс жасады.
2-ұсыныс: Ыстық тамақтың қатарында Сүтті ботқа болуы қажет деп айтылды.
3-ұсыныс: Күнделікті оқушыларға әзірленген тағамдарды сынып жетекшісі міндетті түрде суретке түсіріп ата-аналар комитетінің жеке чатына жіберіліп отыруын талап етті.
4- ұсыныс: Апталық ас мәзірін мектептің жеке сайытына салынуы қажет деп айтылды, себебі ата-аналар күнделікті ас мәзірімен танысып отырады.
Тыңдалды: Мектеп ішілік асханадағы күнделікті тамақ сапасын және берілуін мектеп әкімшілігі және әлеуметтік педагогы қатаң бақылауға алсын.
Жарыс сөз: 1.Мусина Гульназ Мырзауаловна бастауыш сыныпта 4а1 сыныпта баласы оқитыны айтылып. Асханадағы күнделікті ас мәзірін бақылап отыру және айын бір рет қамқорлық кеңес атынан кеңес жасап отыру және асхана тазалығын, тағам сапасын мектеп дәрігерімен бірге бақылау сұралды.
2.Баймақанова Ельмира СЭС қызметкері бола отырып үлкен үзіліс уақытын 10-15 минуттан аз болмауы айтылды.
Қаулы: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 29.08.2019 жыл №15584 болып тіркелген бұйрығын басшылыққа ала отырып «отдела образования по городу Усть-Каменогорску» КММ айлық жалақысы кісі басына шаққанда 29698 тг ден аспайтын жанұя саны-155 оқушы.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 9б сынып оқушысы Айтмухамбетова Алина қамқоршылық кеңес атынан асханадан бір уақыт тегін тамақтануға ұсыныс жасалды.
Қамқорлық кенеске мектеп әкімшілігінен берілген 1-11 сынып оқушыларынан 155 оқушы ата-анасынан өтініш білдіргенін қанағаттандырып, жыл соңына дейін тәрбие ісінің меңгерушісі:К.Колнурова, әлеуметтік педагог: Р.Еркіш тамақ сапасына бақылау жасау жүктелінсін.
Қамқорлық кенес төрайымы: Бекбаева Зарина Мұратбекқызы
Қамқорлық кенес мүшелері: Молданова Батила Мукановна
Дюсембаева Ельмира _______________________
Баймаканова Фарида ________________________
Тамтыков Айдын Мұратайұлы _______________________
Қайрбаева Жазира Қуатбекқызы _______________________
Қамбарова Гүльмира _______________________
Сергазина Анар _______________________
Мусина Гульназ Мырзауалловна _______________________
Мектеп директоры: Е.Акитбаев
Тәрбие ісінің меңгерушісі: А.Қапжапаров
К.Колнурова
Әлеуметтік педагог: Р.Еркіш
Хатшы: А.Тамтыков