30
ноябрь
2020
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды.
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, 5-8 сынып оқушыларының үздіктері мен екпінділерін Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. "Жас Ұлан" ұйымы қатарына қабылданушылар: 5- сынып оқушысы Нұртай Зейін мен 8- сынып оқушысы Ахмадиев Амир ант қабылдады. Іс-шараға қатысушылар ізгі құттықтау тілектерін жеткізді.









