«Жеке гигиена — денсаулық кепілі»
Жеке гигиена – адамның денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алуда маңызды рөл атқаратын күнделікті дағдылар жиынтығы. Ол – тазалықты сақтау, денені, қолды, тісті және шашты таза ұстау, дұрыс киіну, уақытылы жуыну сияқты әрекеттерді қамтиды. Жеке бас гигиенасын сақтау арқылы біз өзімізді жайлы сезініп, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орната аламыз. Әсіресе жасөспірімдер үшін бұл – тәртіп пен жауапкершіліктің белгісі. Жеке тазалық – денсаулық кепілі.