06
декабрь
2023
Вирустық А гепатитінің алдын алу
Вирустық А гепатиті бауырдың жұқпалы ауруы. Гепатит А тек ауру адамнан жұғады. Гепатит А-ның вирусы адам ағзасына су, тамақ, кір қол және лас ыдыс-аяқ, домкерек-жарақтары арқылы түседі.
Жеке адам гигиенасын сақтамағандықтан вирустық гепатит А- ны жұқтыруға болады.Гепатит А-ның негізгі белгілері:
- Тәбеттің төмендеуі
- Оң қабырғаның астының ауруы
- Дене қызуының көтерілуі (37,5 С)
- Жүректің айнуы, кейде құсу
- Әлсіздік, дімкестік
- Зәрдің түсінің қоңырлауы
- Үлкен дәреттің түсінің ағаруы
- Таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы, кейде ауырған адамда сарғаю болмауы мүмкін.
Қорғану шаралары
Жеке адам гигиенасын сақтау:
- Қайнатылған, немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу
- Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз
- Қоғамдық гигиенаны сақтау:
- Әдейілеп бөлінген жерде суға шомылыңыз, шомылған кезде суды жұтпаңыз
- Ашық су айдындарынан, өзеннен алған суды ішуге, тамақ жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолдаңбаңыз
- Көкөністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз


