29
ноябрь
2023
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА📣📣📣





29.11.2023 жылы
5-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, география, биология, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, информатика пәндері бойынша өтті. Мектепішілік пәндік олимпиадасына 5-11 сыныптар арасынан 458 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады.
Пән мұғалімдерінен құрылған арнайы жұмыс тобы барлық жұмыстарды тексеріп, қорытындысын шығарды.
Әр пәннен 1-орынға ие болған оқушылар кезекті қалалық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды. Барлық жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!