23
октябрь
2021
“ZIYATKER” дебат клубының кеңесі
ШҚО Управления образования Школа-лицей №3 имени Шокана Уалиханова “Шоқан Уәлиханов атындағы N3 мектеп-лицейі” КММ 2021 жылы 23 қазан күні Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 35 тармағын - "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында мектепішілік дебат қозғалысын дамыту бойынша құрылған “ZIYATKER” дебат клубының кеңесін өткізді.
Кеңес жұмысына мектепішілік дебат қозғалысын дамытуға жауапты жетекшілер Жунусханова Қ.Ж., Маханова А.Ш., Ерболат Е.Е. және клуб мүшелері 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Клуб отырысында Американдық парламенттік форматтағы дебаттың негізгі ережелері мен тәртібі таныстырылып, түсіндеірме жұмыстары жүргізілді.
Кеңес соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша міндеттер жүктелді