17
ноябрь
2023
"Асық ату" республикалық челленджі
17.11.2023 ж. ШҚО ББ Школа-лицей №3 имени Шокана Уалиханова «отдела образования по городу Усть-Каменогорску» КММ-де 1-11 сынып оқушылары, ұстаздары және
ата- аналары ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу мақсатында 9 айға 9 іс-шара жобасы бойынша Республикалық «Асық ату» челленджіне қатысты.
Челледж барысында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар «БЕС ТАБАН», «БЕС АСЫҚ» ойындарын ойнады.
Асық ойыны баланың жүйке – бұлшықет жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, мінезі мен ептілігін дамытады, көру қабілетін жақсартады.
Бұл ауқымды республикалық акция білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра отырып, өз елі үшін мақтаныш сезімін, өз ұлтының, Отанының құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ете отырып, елдің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге бағытталған.
Челленджге оқушылар, мектеп ұжымы және ата-аналар жоғары белсенділікпен қатысты.
“Асық ату” республикалық челленджіне
1 “Б” сынып ата-аналары атынан
әже-Қалымғазина Манар Түстікбайқызы, 2 “Е” сыныбынан әке-Сығаев Дәурен Жәнібекович,
8 “В” сыныбы атынан ата-Ибраимов Өміржан Нигмашевич, 10 “Б” сынып ата-аналарынан Азимов Нурмахан Койлыбаевич қатысып, балаларға асық атудың қыр сырын үйретті.
Ата- аналар іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Ерекше көзге түскен оқушылар I, II,III жүлделі орындармен және челленджге белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.