Аяулы мекен Ақшоқы
Жидебайда 1850 жылы Құнанбай медресе салғызған. Кейін барып оған Абай тұрады. Әсілінде Құнанбайдың үйі еді. Ал Ақшоқы Абай атамыздың тұрақты мекені болған. Әрине, жаз жайлау, күз күзеуге көшіп жүрген. Дегенмен, Ақшоқыға отыратын домсалдырған. Ділда мен Абайдың отау құрған жұрты да осы маң. Әлемге үлгі болған қаншама ойлы жырдың құндағы бұл Ақшоқы. Бұл туралы ұлы Мұқаң бір эпилогында «Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, толқып тарап жатты. Абайдың өлеңдері шешесі Ұлжанның құлағына да шалығып, бір қуантады. Әуендер мүлтіксіз кең Тобықтыға, сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесек пен Қуандыққа, Аягөз, Тарбағатай мен Алтай наймандарына да жетіп жатты», - деп жазушы еді ғой. Ендеше, бірінші рет келген мен түгілі, өмірі қазақ даласына аяқ баспаған қиырдағы оқырмандар үшін аты мәшһұр Ақшоқы бұл.
