"Сәт сапар саған, жас түлек" соңғы қоңырау мейрамы
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Шоқан Уәлиханов атындағы N3 мектеп-лицейіндегі салтанатты жиынына келіп, мектеп түлектерін құттықтады.
Биылғы оқу жылында да11 сыныпты 87 мектеп түлегі аяқтайды, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткер – 11 оқушы, үздік аттестатқа үміткер – 12 оқушы.
Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі қала, облыс, республика көлеміндегі «үздік» он мектептің қатарына еніп отырған мақтан тұтарлық білім ордасының бірі, әрі бірегейі. Атап айтқанда биылғы оқу жылында 4 оқушы «Елбасы медаліне» ие болса, 4 оқушы Түркия Республикасының Анталия қаласындағы ағылшын тілі пәнінен өткен XIII Халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлдегерлер атанды.
Жақсылық Омар бүлдіршіндерге еліміздің болашағы үшін барлық емтихандарды абыроймен тапсырып, таңдаған оқу орындарына түсіп, өмірден абыроймен өтулеріне тілектестік білдірді.









