28
сентябрь
2021
"Мен және менің мектебім" тренингі
Биылғы 2021-2022 оқу жылында жұмысқа қабылданған мамандардың қатысуымен мектебімізде 25-қыркүйек күні "Мен және менің мектебім" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеріп, ұжымға тарту. Мектеп тарихы мен жетістіктеріне шолу жасай отырып, педагогтардың болашақ іс-әрекетін жоспарлауға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету.
Тренинг барысында түрлі психологиялық ойындар ойнатылып, қатысушылар "Менің мектебім" тақырыбында білемін, білгім келеді, білдім стратегиясы бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ "Сіздің шынайы мінезіңіз қандай?" тақырыбында психологиялық зерттеу жүргізіліп, тренинг соңында тілек шамы арқылы қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жақсы тілектерін айтты.