Газизова Карлыгаш Кабдешовна

Газизова Карлыгаш Кабдешовна
1974 жылы 26 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Покровка ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Покровка орта мектебін «Алтын медальмен» бітірген.
1991-1995 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде химия факультетін бітіріп, химия бакалавры академиялық дәрежесі және химик, оқытушы квалификациясын алды.
1995 жылы Өскемен қаласы «№3 қазақ орта мектебіне» химия пәні мұғалімі болып орналасты.
2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алды.
2014 жылдан бастан «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтап, химия мамандығы бойынша педагогика ғымдарының магистрі дәрежесін алды.
2021жылы 5 қаңтардан бастап директордың міндетін атқарушы қызметінде болды.
2021 жылдың 27 тамызынан «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директоры болып тағайындалды.