"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі" КММ «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы бойынша есебі
Акцияны өткізудің орны және кезеңі: "Шоқан Уәлиханов атындағы
№3 мектеп-лицейімізде" 2021 жылғы 19 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін.
Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар,ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдерін шақырып іс-шаралар өткізілді.
Акцияның мазмұны және форматы:
Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».
Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе жасалды.
Акция аясында жоспарланған:
- автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы туралы әңгіме жасалды.
- мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін туралы аңықтама жасалды.
- балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының қажет екені мұғалімдерге хабарланды.
- мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камералары орнатылып қадағаланды.
- жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізіп, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану ақпараттары сынып сағаттары өткізілді.
- жол қозғалысында жүру аңықтамалары жасалып оқушыларға таратып берілді. Жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді.