Рухани келісім күніне арналған атқарылытын іс-шаралар жоспары бойынша өткізілген іс-шаралар
Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі
18 Қазан Рухани келісім күніне арналған атқарылытын
іс-шаралар жоспары бойынша өткізілген іс-шаралар
1992 жылы Алматы қаласында тұңғыш президент бастауымен,халықаралық рухани келісім күні 18 Қазанда белгіленген.Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі. Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Жоспар бойынша ақпарат
№ | Іс-шаралар | Мерзімі | Өткізілетін түрі | Сынып тар | Жауапты тұлғалар | Қорытынды құжаттар |
1 | «Дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Негізгі діни ұғымдар» | 15.10 2020 7 сағат | Қашықтықтан Зум бағдарламасы | 9в | Дінтану мұғалімі Г.Ошақбаевна | |
2 | Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық сынып сағаты | 12.10 2020 | Қашықтықтан Телеграм | 5д | Сынып жетекші И.Миткенова | Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі тақырыбында 5д сыныбында сынып сағаты өткізіліп сынып жетекшісі Индира Құспекқызы оқушыларға түсінікті өткізіп мектеп сайтына орналастырды. |
3 | Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық сынып сағаты | 13.10 2020 7 сағат | Қашықтықтан Телеграм | 5г | Сынып жетекші Ж.Ермекбаева | Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық сынып сағаты қашықтықтан жүргізіліп,кері байланыс алынды. |
4 | Рухани келісім күніне арналған сынып сағаты | 15.10 2020 7 сағат | Қашықтықтан Зум бағдарламасы | 5в | Тарих пәні мұғалімі А.Мухамедиақызы | Мұхамадиянова Айнур Мұхамадияқызы 29 оқушыға сынып сағатын өткізді |
5 | Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық сынып сағаты | 16.10 2020 7 сағат | Қашықтықтан Телеграм | 5а | Сынып жетекші А.Ибраимова | Ибраимова Айгуль Қабышқызы 27 оқушыға Рухани келісім күніне сынып сағат қашықтан өткізді |
6 | Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық сынып сағаты | 17.10 2020 6 сағат | Қашықтықтан Телеграм | 5б | Сынып жетекші А.Бигелдинова | Асем Самажанқызы телеграм арқылы сынып сағатын өткізді |
7 | «Рухани келісім-халық бірлігіне бастар» сынып сағаты | 17.10 2020 7 сағат | Қашықтықтан Телеграм | 6-9 сынып | Сынып жетекшілер модераторлары: Г.Зейнелхан Г.Сығаева Ғ.Касенова Б.Сахариева | https://youtu.be/cyadLj8iRA4 |
8 | Рухани келісім күніне арналған (Бірлік,достық,келісім) сурет салу,көрмесі | 12-18.10 2020 | Қашықтықтан | 4абвгде; сыныптар | Сынып жетекшілер: Ж.Амисултанова Б.Бақиянова А.Қобықбаева А.Арғынбек М.Шайзада |
Жоспар бойынша атқарылған іс-шаралар:
«Рухани келісім күні тұрақтылықтың іргетасы» атты тақырыпта
15.10 күні 12.20 уақытында
7 сағатта, ашық сынып сағатты 5 «В» сыныбының жетекшісі
Мұхамадиянова Айнур Мұхамадияқызы 29 оқушыға өткізіп,
Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы
М.С Амринова қатысып ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Дінтану пәні мұғалімі Ошакбаева Гулнар Ошақбаевна 15.10.2020ж 9в-сыныбында
Дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы.Негізгі діни ұғымдар - атты тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Күтілетін нәтиже:Тақырыптың мағынасын түсінеді, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді
Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі тақырыбында 5д сыныбында сынып сағаты өткізіліп сынып жетекшісі Индира Құспекқызы оқушыларға түсінікті өткізіп мектеп сайтына орналастырды.
Тәрбие сағатының білімдік мақсаты: Тәуелсіз Қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Қосымша мәтін мен мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ғаламдық мәселелерді шеше алу, өз ойларын айту.
Тәрбиелік:Ұлтаралық достық қарым – қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласвындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға, тәрбиелеу.
Тәрбие сағат түрі: Жаңа білім беру
Тәрбие сағат әдісі: баяндау, сұрақ – жауап
1. Қызығушылығын ояту. Зайырлы толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі.
Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі.
Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылық бекем елдердің бірі. Біздіңелімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден – бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130 – дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді.
Балалардың пікірлері тыңдалынды.
Іңкәр
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды.
Ержомарт
Эносаралық және конфессияаралық келісім әр кезде жалпыхалықтық жетістік болып қала береді. Мақсатқа жету үшін Елбасының бастамасымен Астанада әр үш жыл сайын әлемдәк және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ұйымдастырылып келеді. Дәл осы конфессияаралық диалогтың басқа жиындардан ерекшелігі – ол бір ғана діннің мүддесіне қызмет етпей, жалпы адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді қамтиды. Ең бастысы, мұнда көпұлтты, көптілді, көпконфессиялы қоғамның мәселелері қаралады.
Мақсат
Әлемдік және дәстүрлі лидерінің съезін ұйымдастыру арқылы халықтар мен діни көзқарастарды жақындастыруға, сол арқылы бейбітшілік құндылықтарын қалыптастыру,а жасаған қадамы үшін әлем қауымдастығы Қазақстанға және оның басшысы нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары баға берді. Бұл біз үшін абырой әрі мәртебе. Ұлт көшбасшысы ел азаматтарының ұлттық және конфессиялық мүдделерін сақтаудың ерекше құралы ретінде дүниеге Қазақстан халқы ассамблеясын әкелді
Зейін
Мемлекет басшысының кеңесші органы саналатын ұйым 1995 жылдың наурызында пайда болды Бүгінде әлемде теңдесі жоқ аталмыш институт ел аумағында ұлттық – мәдени орталықтар мен бірлестіктердің құрылуына ықпал етіп отыр. Сонымен қатар ол ұлтаралық келісім идеясы Мемлекет басшысы тарапынан басымдығы мол құбылыс екнін насихаттап, оның негізі барлық этникалық құрамға азаматтық сыйластықпен қарау және деструктивті позиция қағидаларынан бас тарту екенін түсіндіріп келеді.
Ал балалар енді мен сендерге қазір бірнеше сурет жіберемін. Осы суреттерге қарап қандай ой түйіндеуге болады.
Оқушылардың шығармашылығы шыңдалды.
Балалар жазған тақпақтары мен шығармаларын оқыды.
Мұғалім қорытындылады:
Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармайық, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз. Сендерге оқушылар шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік және игілік тілеймін. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – сенімді нықтайтын, үмітімізді ұштайтын ортақ салтанат мерекесі болсын!
Тәрбие сағаты тақырыбы:«Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі»атты тақырыпта 6 «Ж» сынып жетекшісі: Сарынова А.К.өткізілген уақыты: 15.10.2020 сағат: 11:00 18 бала
Тәрбие сағаттың білімдік мақсаты: Тәуелсіз Қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.
Дамытушылық: Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айту
Тәрбиелік: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу
Тәрбие сағат түрі: Жаңа білім беру
Тәрбие сағат әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Тәрбие сағат көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 14 , 19 , 20, 22-бап. 1. 1 Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктері туралы» заңы 1992ж. 2. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездері, материалдары. 3. Н. Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл. А, Атамұра 2003
4. Видео материалдар «Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу – Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты негізі.» Н. Ә. Назарбаев, түрлі суреттер, дін туралы қанатты сөздер, арнайы слайдтар
Барысы: 1.Қызығушылығын ояту. Зайырлы, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі .
Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі.
Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,- деп қоямыз.
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.
2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен.
18 Қазан Рухани келісім күніне орай 1-4 сынып аралығында
қашықтықтан сурет салып,көрме жасалды
«Рухани келісім» күніне орай оқушылардың суреттерін қашықтықтан жинақтап,электронды көрме жүргізіп:4д сынып оқушылары белсенділік танытып суреттер салып қатысты.
Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде 1-11 сыныпта 55 сынып және мектепалдыдаярлықта 4 сынып жалпы 59 сыныпта 1483 білімалушылар 18 Қазан Рухани келісім күніне арналған, іс-шаралармен сынып сағаттарға қатысып,қажетті мағлұматтар алды.
Мектеп директоры: Е.Акитбаев
Орындаған:Тәрбие ісі меңгерушісі А.Қапжапаров
б тел:87055086464