«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» іс-шарасы өткізілді
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ білім алушыларды кітап оқуға тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 сынып оқушылары арасында «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» атты іс-шарасы өтті.
Оқуға құштар мектеп жобасының мақсаты –ұлттық әдебиетімізді ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, Отандық әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарлауына мүмкіндік туады.
Оқып талмай,түй санаңа жас ұлан,
Сыр құямын, жыр құямын санаңа
Білім – қару,білім керек адамға
Ал білімді мен құямын санаңа.
Кітап оқу – ойды жинақтауға, ми қызметін жан-жақты дамытуға әсер етеді.
Әрқашан кітап оқудан жалықпайық.
Баршаңызды кітап оқуға шақырамыз!