2024-2025 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7232) 25-36-18
Есепші бөлімі:
+7 (7232) 25-36-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы
08
май
2025

2024-2025 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

2024-2025 оқу жылын аяқтау
және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 14 тармақшасына, «Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі №82 бұйрығына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық білім беру мекемелерінің және арнайы білім беру мекемелерінің, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының директорлары:
1.1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу жылын 2025 жылғы 23 мамырды қоса алғанда аяқтасын. 11 сынып түлектері үшін салтанатты іс шаралар 2025 жылғы 23 мамырда өткізілсін.
1.2. Негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейінде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тіліне басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихандар өткізуді «Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным» негізінде жүргізсін.
1.3. 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында өткізсін.
1.4. 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 16 маусым аралығында өткізсін.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив