18
ноябрь
2021
«Өз құқығымды білемін» тақырыбындағы қабырға газеттерін шығару
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны жоспарына орай, «Өз құқығымды білемін» тақырыбында сыныптар арасында қабырға газеттерін шығарудан байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 1Б, 4А, 5В, 9Г, 10В, 10Г, 4В сыныптарының жұмыстары жоғары бағаланды.






