Республикалық олимпиада қорытындысы туралы
Республикалық олимпиада қорытындысы туралы
Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп – лицей оқушылары ҚР тұңғыш The president қоры сыйлығының иегері Qaztest. kz сайтында оқушылар арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен ұйымдастырылған республикалық пәндік олимпиадаға мектебімізден 120 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша ең жоғарғы ұпай жинап, жоғарғы нәтиже көрсеткен 113 оқушы жүлделі 1,2,3, орындарға ие болды. 3 оқушы: Баймаханов Данияр (11а), Сапарғалиева Медина (11а), Оңғарбаев Мухаммедияр (9в) «Қазақстан үміті» Төс белгіге ие болды. Оқушыларды олимпиадаға дайындап, жоғарғы жетістіктерге жеткен тарих пәні мұғалімдері: Қамбасова М.М., Бигелдинова А.С., Мухамедиянова А., Бақытханова Ш.С. I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектепке «Best ұжым» кубогы берілді.


