“Дархан халықтың дана Абайы” атты онкүндік өтті.
2019-2020 оқу жылының 02.10-14.10 аралығында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ағылшын тілі әдістемелік бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен “Дархан халықтың дана Абайы” атты онкүндік өтті.
Мақсаты :
- Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымын дәріптеу.
- Тілді құрметтей білуге үйрену.
- Абай шығармаларын 3 тілде оқу арқылы сөздік қорларын кеңейтуге ықпал ету. (Абай оқулары)
- Абай шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге , құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
- Рухани жаңғыру бағдарламаысн насихаттау, жас ұрпақтың бойына рухани мәдениетті, салт-дәстүрді сіңіру
- Өзара пәнаралық байланыс орнату, тәжірибе алмасу
- Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру
Онкүндік кезінде ағылшын тілі әдістемелік бірлестік мүшелері ағылшын тілі пәні бойынша ашық сабақтар және Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай түрлі ашық шаралар өткізді.
Жоғарғы санатты пән мұғалімдері Батырханова Ж.К 10 “А” сынып оқушыларымен “Natural disasters” тақырыбы бойынша және Мамынова Г.К “Sport and exercise” тақырыбында 9 “А” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сыныптарда Терлекбаева Э.А 3 “Г” сыныбымен “Light and dark. Sources of light” тақырыбы бойынша, Хамзина М.К 1 “Б” сыныбымен “School things” тақырыбында және 2 “Б” сыныбымен “ My family and friends” тақырыбында Мухтар А өткізген сабақтары өте қызықты ұйымдастырылып, жақсы баға берілді. Жоғарғы сыныптарда ашық сабақтар өткізген пән мұғалімдері Караталова С.Е 5 В сыныбымен “People in a photo” тақырыбында, 7 “Б” сыныбымен Маханова А.Ш “Communication and technology” және Дюйсекина А.Б 5 “Г” сыныбымен “Reading for pleasure” тақырыптары бойынша өткізген сабақтары да жоғары бағаланды. Сонымен қатар онкүндік барысында бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Мен білетін Абай” зияткерлік сайысы, “Абай оқулары” және “Мен және Абай” эссе сайысы өтті. Шаралардың негізгі мақсаты Абай өлеңдерінен,қара сөздерінен,әндерінен өз шығармаларынан үзінді оқу және өз ойларын жеткізу мақсатында шығармалар жазу болды. Өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Батырханова Ж.К және 10 “А” сынып оқушылары


Караталова С.E 5 “В” сыныбымен өткізген ашық сабағынан көрініс.

Аймуханбетова А.К мен 3 “Д” сынып оқушылары ашық сабақта

Маханова А.Ш және 7 “Б” сынып оқушылары


Мәулітова Б.М және 6 “Б” сынып оқушылары


Хамзина М.К және 1 “Б” сынып оқушылары
